Билік

Азиада жүлдегерлеріне пәтерлер берілді



 

 

Облыс әкімімен кездесуге келген спортшылардың қай-қайсысы болмасын түрлі деңгейдегі сайыстарда облыс намысын қорғап жүр. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері жеңіл атлетші  Маргарита Мацко Қытайда өткен 16-жазғы Азия ойындарында алтын және күміс алқаларды еншіледі. 24 жасар халықаралық дәрежедегі спорт шебері Евгений Эктов та осы ойындардың күміс жүлдесіне қол жеткізді. Осыдан аз уақыт бұрын Сингапурде өткен жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарында Ақан Баймағанбетов грек- рим күресінен 3-ші орынды алған болатын. Биыл жергілікті “Есіл” волейбол құрамасының да бағы жанды. Команда Қазақстан кубогында күміс медальдарды еншіледі. Ел абыройын асқақтатқан спортшыларды облыс әкімі құттықтады.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– СҚО спортсмендері Республикалық жарыста облысымызды лайықты көрсетіп, халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғай білді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы жолдауында басты басымдылықтың бірі – салауатты өмір салты, азаматтардың  денсаулығы деді.
 
Осылшайша, халық сенімін ақтап, түрлі дәрежедегі жарыстарда жүлделі орындарды еншілеген спортшылар облыс әкімінің сыйақыларына ие болды. Облыс пен республиканың атынан өнер көрсетіп жүрген атлеттердің жаттықтырушылары да назардан тыс қалған жоқ,  өңір басшысы бапкерлерге алғыс хаттарын табыс етті. Ал 45 елден келген спортшылардың алдын орап, Азияда алқаларын тағынған Евгений Эктов пен Маргарита Мацко – су жаңа екі бөлмелі пәтерлерге ие болды. Облыс әкімі споршыларға сертификаттарды табыс етті.

 Маргарита Мацко, 16-жазғы Азия ойындарының жеңімпазы:
Сыйлыққа дән ризамын. Маған сенгендерге, сенім артқандарға ризамын. Бұл спортшылар үшін ең қажет дүние. Көп ұзамай талай жылғы еңбегімнің нәтижесі болған өз үйіме көшемін.
Евгений Эктов,  16-жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері:
-Сезімімді жеткізе алмаймын.
СҚ облысынан жасалған тосын сый. Шынында да әлі сенбей тұрмын. Мүмкін пәтерге кірген соң нақты сенетін шығармын.

Жақында әке болған Евгений үшін баспана – лайықты  сыйлық. Дәл осындай сый-құрмет грек рим күресінен спорт шебері, Ақан Баймағамбетовтың бапкері  Қонысбек Түкеновке де көрсетілді. Көп ұзамай жерлесіміз үш бөлмелі пәтерінде қоныс тойын тойламақ. Шәкіртін 2006 жылдан баптап келетін жаттықтырушы еңбегінің жемісін көргеніне разы.

Қонысбек Түкенов,  “Жеңіс” ОРБЖСМ грек-рим күресінен бапкері:
 – Серік Сұлтанғазыұлына рақмет.
Еңбегімізді бағалап, көмек көрсетіп жатқанына. Қандай болмасын сайыстарда ақшасын төлеп тұрады. Олимпиадаға 1 жыл жүгірдік. Ақша мәселесі туындаған жоқ. Келешекте Бразилияда 2016 жылы олимпиада өтеді. Соған қатыссақ деп ойлаймыз.
 
Ақан Баймағанбетов,  грек-рим күресінен спорт шебері:
алықаралық жарысқа бірінші рет бардым. Қола жүлдесіне жету қиын болған жоқ. Әрі қарай жалғастыра беремін. Қаңтарда Қазақстан чемпионаты өтеді, соған дайындалып жатырмын.

Жиында спорт саласының өзекті мәселелері   қаралды. Мысалы жеңіл атлеттерге жаңа жаттығу кешені қажет. Сондай-ақ, жарыстар кезінде түрлі дене жарақаттарын алатын спортшыларға арнайы қызмет көрсететін медициналық мекеме жоқтың қасы. Арнайы орта кәсіптік білім беру мекемесін ашатын мезгіл жетті. Әйтпесе үміт күттіретін спортшылар 11 жылдық мектепті тамамдаған соң спорттан қол үзіп, қараусыз қалады. Бұл мәселелердің барлығын тізіп алған облыс әкімі олардың мүмкіндігінше шешілетінін атап өтті. Осы күні құны 4,2 млрд теңгелік спорт кешенінің жоба-сметалық құжаттары дайындалған. Ал спортшылар алдағы уақытта 4-ші емхананың жанынан ашылатын бөлімшеде қаралады. Арнайы кәсіптік білім беру мекемесін іске қосу да алдағы күндердің еншісінде.

 Гүлмира Шоқтыбаева