Әр түрлі

Қаланың бас шыршасы орнатылды

 Бірер аптадан кейін бұл шырша орталық алаңның   көркіне айналады. Бір қарағанда шыршаны орманда өскен мәңгі жасыл, табиғи ағаш деп ойлап қаласың. Поливинилхлоридтің көмегімен тартылған темір қаңқа жарқырайтын шамдармен және түрлі- түсті шарлармен безендіріледі. Шыршаны айнала салынатын мұз қалашығы да балаларға көп қуаныш әкелмек.

  Андрей Попов, Петропавл қ. сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы:
 – Қар мен мұздан жасалған үлкен қалашық орналастырылады. Онда төбешіктер мен лабиринттер болады. Орталық шыршаның жанына мұз айдыны жасалады. .


Биылғы жылы облыс орталығында 22 мұз қалашығын жасау көзделіп отыр. «Қар көп. Сондықтан да шығармашылық идеяларды іске асыруға материал жеткілікті»,- дейді Андрей Попов

Андрей Попов, Петропавл қ. сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы:
– Қаланың барлық аудандарында мұз қалашықтары орнатылалады.Солнечный, Борки, Заречный, Кирпичный және басқа да шалғай кенттерде мұз қалашықтар болады.

Пестрое көлінің маңайындағы тұрғындар да мұз қалашығының қызығын көретін болады. Ол жағажай орналасқан жерге тұрғызылмақшы.  Мұнда жаңа жылдық мерекелер қарсаңында шаңғы трассасын салу жоспарлануда. «Әрбір қалашыққа облыс орталығындағы кәсіпорындар жауапты етіліп бекітілді. Бұл жерде кәсіпкерлердің де үлесі бар. 5 желтоқсан күні сағат 10-да Жеңіс саябағында жарыс ұйымдастырылып, қардан жасалған үздік мүсіндер анықталады. Байқауға ниет білдірген әрбір адам қатыса алады. Ал ең дарынды шеберлер қаланың мұз қалашықтарын жасайды. Әрбіреуі төрт мүсінмен безендіруі тиіс.

  Андрей Попов, Петропавл қ. сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы:
Бұл- дәстүрлі аяз ата мен ақша қар, өткен және жаңа жылдың мүсіні. 22 қалашыққа 4 мүсіннен, 88 мүсін болады.

Петропавлда қар мен мұздан жасалған осыншама мүсіндер мен қалашықтар бұрын болмаған еді. Тұрғындарға мұндай идея ұнады. Олар жаңа жылды асыға күтуде

 Тұрғындар:

-Қыстыгүні үйге де жақын болады. Барып келуге, ойнауға болады. Сол өз інілерімді, қарындастарымды апарып сонда ойнатамын.
 – Бұл балалар үшін өте жақсы. Үлкендерге де қызықты болар.

Айдана Демесінова