Спорт

Маргарита Мацко – Азиада жеңімпазы

 

 

 

 

 Азия ойындарындағы алтын медаль иегері Маргарита Мацконың жаттықтырушысы Петр Литвиненко вокзалға басқалардан ертерек жетті. Тәрбиеленушісінің Гуанджоудағы жеңісі туралы жаңалықты алдымен интернет арқылы білген.

  Петр Литвиненко, “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдердің олимпиада резерві спорт   мектебінің жаттықтырушысы:
– Маргаританы 2001 жылдан бері жаттықтырамын.
Маған тұлымшағы желбіреген кезінде келіп еді. Мақсатына жетпей тынбайтын мінезі бар. Ал жеңістерге келетін болсақ, әрине, әр жарыстан жетістік күтеміз.

Спортшыны платформада достары, спорт мектептерінің тәрбиеленушілері және облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов қарсы алды. Қытайдың Гуанджоу қаласында өткен 16 күндік жарыста Азияның 45 мемлекетінен 10 мың спортшы  жиналды. Маргарита Қазақстан қоржынына оныншы алтынды әкелді. Бұдан кейін атлет төрт рет төрт жүз метрге жүгірушілер арасында күміс жүлдеге қол жеткізді.  

  Маргарита Мацко, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының чемпионы

-Мен үшін бұл жеңіс үлкен қуаныш болды. Бұндай нәтиже көрсетемін деп ойлаған жоқ едім. Әрине, көп жаттықтым, қаншама күш ұмсадым. Қарсыластарым да шетінен мықтылар. Барлығына алғысымды білдіремін. Жаттықтырушыма, менің қасымда болған адамдарға айтар рақметім мол.

Жеңіс жеңіл келген жоқ. Енді демалысқа да уақыт бөлуге болады. Бірақ ұзаққа емес. Тамыз айында Маргарита Әлем чемпионатында бақ сынап көрмекші.  Осы пойызбен Петропавлға камералық хор ұжымы да жетті. Біздің әншілер Астанада өтіп жатқан ЕҚЫҰ саммитінің ашылу салтанатында өнер көрсетті.
 

Юрий Колчин,  облыстық филармонияның камералық хорының жетекшісі:

-Саммиттің Қазақстан үшін қаншалықты екендігін түсіндік. Біз жақсы өнер көрсете алдық. Мамандар тарапынан жоғары кәсіби баға алдық. Бұл бағаның біз үшін маңызы зор. Алдағы уақытта да жақсы өнер көрсетуге тырысамыз.

Мұндай жоғары деңгейдегі концертке қатысу үлкен құрмет дейді хор жетекшісі Юрий Колчин. Елордадағы концертте Астана мен Алматы, Павлодар мен Петропавл қалаларының ғана әртістері өнер көрсетті.

 Әсем Сембина