Бизнес және экономика

Банктер сауығып келеді

 

 

 

 Облыстағы банктер 2010 жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтап келеді.  ҚР Ұлттық банкі  облыстық филиалының директоры Жомарт Қажырақымов дағдарыстан шыққан банктер қаржы портфелін толықтырып, елге сапалы қызмет көрсетуді жандандырғанын айтады.

  Жомарт Қажырақымов, “ҚР Ұлттық банкі” ММ СҚОФ директоры:

-Облыста он айдың ішінде 10 миллиард теңге несие берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,5 есеге көп.

Мәжіліс депутаты Иван Чиркалин банктер  мемлекеттің көмегімен дағдарыстан бой көтергендерін ұмытпауы керек екендігін айтады. Сондықтан екінші деңгейлі банктер несие ставкасын бекітуде, карта жүйесін енгізуде алдымен халықтың мүддесін қарауы керек. Депутат банк карталарының Қазақстан экономикасындағы орнын ерекше бағалайды. Бүгінде елімізде 8 миллион банк карточкасын ұстаушы бар. 17 мың терминал қойылған. Бірақ банкоматтармен жұмыс ақша алумен ғана шектеледі. Иван Чиркалин сауда, қызметтер үшін төлемдер терминалдар арқылы жүзеге асырылатын болса, көлеңкелі бизнесті 70 пайызға азайтуға болатындығына сенімді.

  Иван Чиркалин,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Үкімет банк карталарын қолданысқа енгізу жүйесін 3 жылға бөліп, жүзеге асыруы керек. Англия, Германия, Сингапурдағы сияқты 70-80 пайызға жеткізген дұрыс. Мен сонда ғана көлеңкелі бизнесті 50-70 пайызға қысқартамыз деп сеніммен айта аламын.

Банк филиалдары басшыларының айтуы бойынша, сауда орындарының иелері терминал арқылы есеп айырысуға асығып отырған жоқ. Сонымен қатар банкоматтарды орнату да белгілі шығынды қажет етеді. Жиналғандар алдағы уақытта бұл мәселені шешуге үкіметтің қолдауы керек деген тоқтамға келді.
 

Әсем Сембина