Спорт

Акробаттар сайысы

 

 

 

 
Республика чемпионатында облыс намысын акробат Мәдина Жүсіпова қорғап жүр. Бойжеткен таяуда ғана Екібастұзда өткен сайыста 1-ші орын алып келген болатын. Сондықтан осы чемпионаттың алтын алқасын тағынудан үмітті.

  Мәдина Жүсіпова, жарысқа қатысушы:
Маған акробатика өте  ұнайды.Осы жарысқа қатысқаныма мен өте қуаныштымын. Акробатикамен мен 4 жыл айналысамын. Қарсыластарым мықты десем де болады. Дайындықтарымыз жақсы деп ойлаймын.1-ші жүлделі орын алсам деп үміттенемін.

Бүгінде облыс орталығында еліміздің 8 қаласынан 80-ге жуық акробат жиналған. Өңіріміздің намысын 9 спортшы қорғайды.  “Дайындықтары жаман емес”, – дейді төрешілер.

  Андрей Ямпольский, жарыстың бас төрешісі:
Біздің команда 4 құрамадан құрылған. 2 ерлер жұбы, 1 қыздардың жұбы және 3 қыздан құралған топ.

Чемпионат жеңімпаздары кейін Ресейдің Омбы қаласында өтетін жарысқа аттанады. Республика құрамасының бас жаттықтырушысы Айгүл Биекенова осы додада акробаттарымыздың ел абыройын асқақтатып қайтатынына бек сенімді.

  Айгүл Биекенова,  акробатикадан ҚР бас жаттықтырушысы:
Бұдан кейін командамыз Омбы қаласында өтетін халықаралық чемпионатқа қатысады. Жүлделі орындар алуға үміттенеміз. Өйткені командамыз мықты.Биыл әлем чемпионатында 3 қола медаль алдық.

Ал оған дейін сайыскерлер 3 күн бойы әр түрлі жаттығулар көрсетуі тиіс. Сайыс нәтижесі барлық жаттығулар бағасының қорытындысы бойынша шығарылады.  

 Айдана Демесінова