Құқық қорғау органдары

Учаскелік полиция инспекторларының есебі

 

 

 

1-ші  полиция аумағында орналасқан полиция бекеттерінің тәртіп сақшылары халықпен ашық әңгіме барысында қала тұрғындарының нақты қиындықтарымен танысып, өз тарапынан атқарған істер жайында есеп берді. Мысалы, жыл басынан бері 1-ші полиция аумағында 1346 құқық бұзушылық тіркелген. Заңсыз әрекеттердің басым көпшілігі қоғамдық орындарда ішімдік ішетіндер мен отбасы шырқын бұзатындардың үлесінде. Туған-туысқандарына дөрекі мінез танытқаны үшін 92 адам  уақытша қамауға алынған. Ал кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы заңбұзушылықтар саны әлдеқайда төмендеген. Өткен жылғымен салыстырғанда тіпті екі есеге дейін азайған.

  Наурызбек Исин, Петропавл қалалық ІІБ 1-ші полиция бөлімінің бастығы:
Құрметті аудан тұрғындары, бізде ең көп тараған қылмыс түрлері пәтер және автокөліктерден жасалатын ұрлықтар. Тек қана қараша айында 1-ші полиция аумағында 7 автокөлік ұрлығы жасалды, аталған көліктердің барлығы көшеде, аулада қараусыз қалдырылған. Олардың бір де бірінде дабылқаққыштар орнатылмаған.

Алдағы уақытта учаскелік полицейлер мен осы аудан тұрғындары өз ара әріптесіп еңбек етуі керек. Жиынға қатысқан тұрғындар осындай ортақ шешімге келді. Мысалы,  бүгінде  көпқабатты үйлердің ортақ проблемасы – ауладағы көлік тұрағы. Түнгі ішімдік саудасы мен тұрғылықты мекені жоқ қаңғыбастармен  күрес те күн санап қиындап барады. Бұл жерде бірінші кезекте үй тұрғындары дабыл қағуы тиіс.

  Мұрат Ұрұмханов, СҚО ІІД бастығы:

-Егер сіздерде сауалдар болса, осы жерде жазып алып, бақылауға алып, бірлесіп шешейік. Көліктерді аулада қалдыру мәселесі жөнінде жұмыстар жүргіземіз, бұл шаруаны пәтер иелері кооперативтері төрағаларымен бірлесіп тындырған дұрыс. Жүргізушілердің барлығы сіздердің үйлеріңіздің тұрғындары, онда олардың отбасылары тұрады, сөйте отыра олар күнделікті өмірде кедергі келтіреді.

Жоспарға сәйкес мұндай кездесулерді барлық полиция бекеттері ұйымдастырады.

Гүлден Сәрсенбаева