ТКШ

Әр тұтынушыға – жеке есептегіш

 

 

 

 

 

Светлана Бардакова жатақханада электр энергиясы үшін төлем жасау үнемі проблема екенін айтады. Бұл жерде 182 отбасы тұрып жатса, оның отыз екісі коммуналдық қызметтің ақысын төлемейді. Сондықтан пәтер иелерінің өз қарызы үшін ғана төлем жасауы көптен пісіп-жетілген мәселе. Үстіміздегі жылы бұл түйінді шешуге тұрғындарға қалалық әкімдік көмектескен. Бюджеттен бөлінген қаржыға жатақханада дербес есептегіш құрылғылар орнату жоспарланып отыр. Мердігер кәсіпорын – “СтройСанТехСервис” ЖШС жұмысқа кірісіп кетті. Әрбір қабатқа есептегіш құрылғының қалқанын орнатып жатыр.

  Анатолий Казановский,  “СК РЭК” АҚ электр энергиясын бөлу және бақылау басқармасының бастығы:

-Ендігі мәселе – толыққанды жеке есептегіш құрылғыларға көшу және дербес шот ашу. Бірақ бұл мәселені тұрғындар өздері шешулері қажет. Олар бір млн. теңгеге жеткен қарыздарын әр бөлмеге бөлулері керек.

Электр энергиясы үшін өз борышын ғана өтеу – бесқабатты жатақхана тұрғындарының көптен бергі арманы. Енді оны іске асыру үшін көп созбай дебиторлық қарызды бөлуге кірісу қажет дейді энергетиктер. Өйткені тұрғындардың ортақ борышы күн сайын өсуде.

  Анатолий Казановский,  “СК РЭК” АҚ электр энергиясын бөлу және бақылау басқармасының бастығы:

– Қарыз бірден төленбейді. Энергоорталық мамандары дербес шот ашу үшін борыш бөлініп тасталынады. Оған әр пәтердің қарызы енгізіледі. Тиісінше, кейін әр пәтер иесі жеке төлейтін болады.

Жарық үшін төлемді уақытында жасап отыратын тұрғындар энергетиктердің бұл ұсынысымен келіспейді.

  Мария Терлецкая, зейнеткер:
-Мәселен, олардың пәтерлерінде екі титан, екі электр пеш, қысқа толқынды пеш тұр, ал менде ондай жоқ. Мен неге артық ақша төлеуім керек. Төлемеймін!!!

Өстіп, энергетиктерге қарызы жоқ тұрғындар өзгелер үшін төлеуден бас тартып отыр. Ал жатақхана тұрғындарының дербес есептегіш құрылғыларға қашан көшетіні белгісіз. Жалпы облыс орталығында электр энергиясын есептейтін ортақ құрылғы орнатылған бес үй ғана қалған.

Айымгүл Әбілева