Ауыл шаруашылығы

Ауылдағы салық төлеушілерге арналған жеңілдік

 

 

 

 

 Арнаулы салық режимі – ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында ұйымдастырылған шара. Тауар өндіруші уақытылы құжаттарын тапсырып, келесі жылдан салықты 70 пайыздық жеңілдікпен төлейді.

  Ескен Мырзахметов,  СҚО бойынша салық департаментінің басқарма бастығы:

-Жанама, мүлік, әлеуметтік және көлік салығына қатысты бұл жеңілдіктер. Бұл әрине, ауылшаруашылығы саласындағы заңды тұлғаларға өте үлкен көмек.

Облыста 736 ауылшаруашылығы тауар өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері жұмыс істейді. Биыл олардың 475-і жеңілдетілген салық режимі бойынша мемлекетке жарна төлеп жатыр. Яғни облыстың ауылшаруашылығы тауар өндірушілері 7 миллиард 107 млн теңге үнемдеген. Салық органдарының мамандары келесі жылы жеңілдетілген салық төлемін жасаушылар тізіміне ену үшін құжаттарды желтоқсанның 10-на дейін тапсыру керектігін айтады.

  Ескен Мырзахметов,  СҚО бойынша салық департаментінің басқарма бастығы:

-Құжаттар тапсыру керек. Ол құжаттар құқықтық және идентификациялық. Құжаттар нотариаттық бекітілуі керек.

Арнаулы салық режимі акцизделетін тауар өндіруші, қайта өңдеу және өткізу бойынша салық төлеушілерге таратылмайды.

 Әсем Сембина