Спорт

Шахматтан облыс чемпионаты аяқталды

 

 

 

Әділбек интеллектуалдық ойынның бұл түрімен 3-сыныптан айналыса бастаған. Бұрын да мұндай жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды еншілесе де, биылғы жеңіс оңайлықпен келген жоқ дейді.

  Әділбек Мұсайып, жасөспірімдер арасындағы жеңімпаз:
-Мен бүгінгі жарыста 1-орын алдым.
Жарыс мен үшін оңайға түскен жоқ. Себебі қарсыластарым өте күшті, мықты болды. Енді болашақта тағы да үлкен жетістіктерге жетуге дайындаламын.

Ал Әсел Қасенова болса, облыстық чемпионатта 1 емес, қос жүлдені ұтып алып, күміс және қола алқаларының иесі атанды. Терең ойлау қабілетін талап ететін ойынға бала кезінен әуес Әсел келесі жарыста чемпион атануға үміттенеді.

  Әсел Қасенова,  күміс және қола алқа иегері:
-Мен шахматпен бала кезімнен айналысамын.
Бұл жарыста 2-ші және 3-ші орын алдым. Болашақта 1-орын алуға тырысамын

Салтанат Мұқанов ерлер арасында бірінші орынға ие болды. Бұл оның  9-шы жеңісі екен. Алайда жеңіске жету әрбір жарыс сайын қиындай түсетінін  айтады.

  Салтанат Мұқанов, ерлер арасындағы алтын алқа иегері:
Жеңіс, әрине, оңай келген жоқ. 9-шы мәрте чемпион атандым. Жеңіске жету барған сайын қиындай береді. Ең бастысы, мұндай жарыстарға әрдайым қатысып отыру керек. Өйткені сайыстарда мықты қарсыластарыңмен сынға түсіп, өз шеберлігіңді шыңдайсың.

Нәзік жандар арасында Сәуле Хамзина  мен  Әсел Қайыржанова алтын медальды иеленді.  

 Айдана Демесінова