Спорт

Петропавлда боксшылардың республикалық жарысы басталды

 

 

 

 

 

Жарысқа 14 салмақ дәрежесі бойынша 191 жас былғары қолғап шебері жиналды. 14-15 жасар жеткіншектер ел чемпионатына жолдама алу үшін 6 күн бойы білек күші мен техникаларын ұтымды қолдануға тырысып бағады. Турнирді облыс әкімінің  орынбасары Фархад Қуанғанов ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Олимпиада ойындарының жүлдегері, бокстан 2003 жылғы әлем чемпионы Галиб Джафаров жарысқа құрметті қонақ ретінде келді.

  Галиб Джафаров, ҚР жасөспірімдер құрамасының үйлестірушісі, бокстан әлем чемпионы:
– Бүгінде бокстың деңгейі барған сайын артып келеді. Мұның дәлелі ретінде Азия ойындарында бокстан 3-ші орын еншілеп қайтқан Ұлттық командамызды келтіруге болады.
Қазірде осы спортты дамыту үшін көп жағдайлар жасалып жатыр. Ауылдық жерлердің балаларын боксқа тарту үшін атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

Биылғы жылы жас былғары қолғап шеберлеріне артылатын үміт жүгі әдеттегіден ауыр болмақ.

  Қайрат Жұманқұлов,  жарыстың бас төрешісі:
Асқар Кұлыбаевтың арқасында жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты биыл бірінші рет Қазақстанда өтеді.

Рингке алғашқы болып біздің жерлесіміз бен Алматы облысының боксшысы көтерілді. Шапшаң да жинақы қимылдаған алматылық Төлеу Махамбет жекпе-жекті өз пайдасына шешті.

  Махамбет Төлеу,  Алматы облысының боксшысы:
 – 3-0 есебімен жеңіске жеттім. Қарсыласым жақсы. Осы турнирде Құдай бұйыртса 1-ші орын алсам деймін. Олимпиадаға шығып, Бахтияр Серікбаев, Серік Сәпиев сияқты жақсы боксшы болсам деймін.

Ал жерлесіміз бұл жолы есесін жіберіп алса да, жігерін қайрай түскен көрінеді.

  Аслан Ышымов, СҚО боксшысы:
еңіске жету үшін аздап күшім жетпей қалды. Дегенмен бұл жеңілісімді әлі толық өтеймін.

Бұл бозбалалардың арасынан болашақта әлем және олимпиада чемпиондары шығуы әбден мүмкін. Тек өздерін таныту үшін олар әлі талай биікті бағындырулары тиіс.

 Кәусар Аяпбергенқызы