Билік

Мәжіліс депутаттары Петропавл кәсіпорындарының жұмысымен танысты

 

Мәжіліс депутаттары алдымен ірі өндірістік кәсіпорындарға ат басын бұрды. “ЗИКСТО” АҚ соңғы жылдары теміржолға қажетті түрлі вагондарды шығаруды қолға алған. Халық қалаулылары үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына жақсы кіріккен зауыттың жұмысына оң бағаларын берді.

 Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Қазақстан машинажасаушылар одағының” төрағасы:
-Еліміздің үдемелі индустриялық саясатына сәйкес көптеген саймандар, машиналар, теміржолға керекті жүк таситын вагондар, цемент таситын вагондар,  бұрын олар Қазақстанда шықпайтын, Ресей, Украинадан сатып алатынбыз, қазір соны ЗИКСТО шығарып жатыр.  

ПЗТМ зауыты республикадағы машина жасайтын кәсіпорындардың ішінде конструкторлық бюросымен, жаңа жобаларды игеруімен алға шығып отыр. Акционерлік қоғам басшысы Альберт Акеев халық қалаулыларына кәсіпорынның мүмкіндіктерін көрсетіп, қолға алынған жаңа жобалар туралы айтып берді. Қазіргі кезде зауыт мұнай өндіру мен өңдеуге қажетті құралдар шығарады. Энергетика, жүк көтеру, темір жол саласының да тапсырыстарын орындайды. Кәсіпорын өнімдері қазіргі кезде Қазақстанда, одан қала берді шет мемлекеттердегі өндірістерде кеңінен пайдаланылуда. Бір сөзбен айтқанда, заман тезінен өтіп, бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді.

 Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Қазақстан машинажасаушылар одағының” төрағасы:
-Мынау ПЗТМ өндіріске, Қорғаныс министрлігіне керек заттар, машиналар, мұнай-газ секторына қажетті машиналарды, құрал-жабдықтарды шығарып, Қазақстанның рыногына беріп жатыр.«ҚазМұнайГаз» ғана емес, Ресей де алып жатыр.

 

Екі зауыттың да мүмкіндіктерін салмақтаған Парламент Мәжілісінің депутаты, “Қазақстан машинажасаушылар одағының” төрағасы Мейрам Пішембаев СҚО өнеркәсіп кәсіпорындары республикада көш бастаушылардың қатарында дейді.

Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Қазақстан машинажасаушылар одағының” төрағасы:
– Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы талапқа сай жүзеге асуда. Оны көріп тұрмыз. Зауыттардың жоспарлары да мықты.

Сондай-ақ депутаттар “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасына сәйкес салынған 3-ші қалалық емханада болды. Емдеу мекемесін заман талабына сай етіп тұрғызуға республикалық бюджеттен 1млрд 361 мың теңге жұмсалған. Құрылысы екі жылдай жүргізілген емдеу мекемесі ағымдағы жылдың соңына дейін қолданысқа берілуі тиіс.

Дана Ғизатова