Денсаулық сақтау

Көз емдеуге арналған жаңа қондырғы

 

 

 

 

 

«Миллениум» аппаратын республикамыздың үш ауруханасынан ғана кездестіруге болады. Оның біреуі солтүстікқазақстандықтардың денсаулығын жақсарту үшін облыстық аурухананың офтальмология бөлімшесіне жеткізіліпті. Операциялық микрохирургиялық жүйе әзірге дәрігерлердің  зерттеуінен өтуде. Бүгінгі таңда көз емдеу бөлімшесінде 6 дәрігер-хирург жұмыс істейді. Енді олар заманауи технологияның барлық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін білу үшін арнайы оқу курстарына аттанбақшы.

  Жанна Лахтина, облыстық аурухананың офтальмология бөлімінің меңгерушісі:
Алдағы уақытта біздің дәрігерлер Қазақстан мен Ресейдің алдыңғы қатарлы ауруханаларында осы құрылғыға байланысты арнайы сабақ алатын болады. Бұл қондырғы науқастарды көп көлемде аз уақытта емдеуге септеседі. Осылайша республикалық деңгейде ота жасап, сапалы қызмет көрсетпекпіз.

Жетілдірілген қондырғы бірнеше модуль бойынша жұмыс істейді. Атап айтсақ, аппарат арқылы көз алмасының алдыңғы және артқы сигментін оталауға болады.  

  Жанна Лахтина, облыстық аурухананың офтальмология бөлімінің меңгерушісі:
– Жаңа қондырғы катаракта әлі жетілмей тұрған кезде оның алдын алуға көмектеседі.
Ал осыған дейін оның жетілуін күтетінбіз. Сонымен қатар глаукома, көз торы ауруын да емдеуге болады.

Жаңа қондырғыны алғаш рет сынап үлгерген дәрігерлер аппараттың өте тиімді екенін айтады.

  Наталья Аношина, ота жасаушы дәрігер:
 -Операция жасаудың жаңа үлгісі көз алмасын ашпай-ақ, кішкентай тілік арқылы шелді алуға және жасанды шыны салуға көмектеседі.
Осылайша көздің көру дәрежесін жақсартады.

Көпсалалы жүйенің артықшылықтары көп. Компьютер жасалған отаға баға беріп, дауыстап айтып отырады.

Гүлден Сәрсенбаева