Қоғам

Дебат тақырыбы – Саммит

 

 

 

 

2010 жыл біздің еліміз үшін маңызды оқиғалармен ерекшеленді. Солардың ішіндегі ең айшықтысы, әрине, қазақ елінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі. Жас мемлекетіміз үшін маңызы зор бұл оқиғаға ел жастарды да айырықша назар аударып отыр.

  Күнсұлу Бектемірова, ” СҚО студенттер Альянсы” ҚБ мүшесі:
Бүгін Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалығына арналған дебат ойынын өткізіп отырмыз. Еліміз үшін маңызды оқиға бізді де толғандырады. Бұдан біз сырт қала алмаймыз. Осы тақырып төңірегінде ой бөлісу үшін қаламыздың белсенді жастары жиналып отыр.

Жастар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалықтың қорытындысына байланысты ой қозғап, оның елімізге не беретіні жөнінде пікір таластырды.

  Мәдина Жолдаспаева,  студент:
 –Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы қызметінің бағыттарының бірі – адам құқығын қорғау болып табылады. Мен бүгінгі ойында студенттердің құқығына байланысты әңгіме қозғадым. Бүгінде кейбір жағдайларда студенттердің құқығы бұзылып жатады. Көп ретте тұрмыстық деңгейде болса да, үндемей қалуға болмайды. Әркім өз құқығын біліп, қорғауы қажет.

Сөз додасында алты команда пікір таластырды. Жеңімпаздар СҚМУ ректорының кубогына ие болды.

Айымгүл Әбілева