Жол картасы

Қалалық мәдениет үйі пайдалануға берілді

 

 

 

 

 

Облыс орталығындағы мәдениет үйіінің аумағын көркейтуге ғана 70 миллион теңге бөлінген. Алаңға кеспе тас төселіп, күмбездер тұрғызылып, мүсіндер мен демалуға арналған орындықтар қойылды. Маңайы қоршалып, шамдар орнатылды. Өткен ғасырдың  30-шы жылы тұрғызылған  көне ғимараттың өзін қалпына келтіруге 130 млн. теңге қаржы жұмсалыпты. Әбден тозған шатыры алмастырылып, қасбеті жаңартылды. Мердігер “Альфа Север” серіктестігі барлық коммуналдық желілерін, есік, терезелерін де толығымен ауыстырыпты. Мекеменің іші де әрлеуден кейін кеңейіп, жаңа кейіпке енді. 22 шығармашылық топтың дайындалуына жеке-жеке дайындық бөлмелері де қарастырылған. Облыс әкімі Серік Біләловті шығармашылық ұжымдар  ән-жырмен  қарсы алды. Мәдени ордада 26 мыңнан аса әдебиет жиналған кітапханада бар екен. Өңір басшысы атқарылған  шаруаларға оң бағасын берді. Өнер ұжымдарына шығармашылық табыс тілеп, сыйға теледидар тарту етті.

Динара Мырзахметова, Петропавл қалалық мәдениет үйінің директоры:
 – Бүгін тамаша мәдениет үйінің ашылуы болып отыр. Тек қана бізге емес, бүкіл қала, облыс жұртшылығына қуанышты күн.
Алда жоспарлар көп, мемлекетіміз осындай жағдай жасап отырғаннан кейін бізге тек еңбек ету керек.

Кейін облыс әкімі мен 350 орындық жаңартылған залға жиналған қауым алғыстарын ән-жырмен жеткізген өнер ұжымдарының көнцерттік бағдарламасын тамашалады. Заман талабына сай жабдықталған сахнада  “Асыл мұра” қазақ эстрадалық-фольклорлық ансамблінің тұсауы кесілді.

  Алмаз Бейсенбаев, “Асыл мұра” эстрадалық-фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі:
 – “Асыл мұра” ансамблінің құрылған мақсаты өзіміздің қазақ халық әндерін, ескірген әндерді халыққа паш етіп шығару.
 Мұхит Ахметов, “Асыл мұра” эстрадалық-фольклорлық ансамблінің мүшесі:
-Ұмытылып кеткен әндерді жаңа өңдеумен, оранжировкамен жарыққа шығарып қызылжарлыққтарға өнерімізді көрсетіп, келешекте республика көлеміне шығамыз деген мақсатымыз бар.
 Тимур Айтқожин, “Асыл мұра” эстрадалық-фольклорлық ансамблінің мүшесі:
– Тамаша, зәулім сарай өте жылы жақсы, сахнасы да керемет. Барлық өнер ұжымдарына осындай мүмкіндік берілгеніне үлкен алғысымызды білдіреміз.

 Дарынды жастардың шығармашылық шеберліктерін шыңдайтын тәжірибелі мамандар, заманауи ғимарат та бар. Енді көрермендер олардан тамаша концерттер күтеді.

Жеңіс Ермұқанов