Мәдениет

Классикалық музыка кеші

 

 

 

 

 Петропавлдықтардың классикалық музыканы сағынғаны сонша, залда ине шаншар жер болмады.   Концертті неміс композиторы Роберт Шуманның  туындысымен  ашқан Андрей Шульц жиналған қауымды бірден баурап алды. Халықаралық байқаулардың лауреаты Андрей Шульц Петропавл  сахнасына алғаш рет  шығып тұр.  28 жастағы пианист, әрі дирижер Алматы қаласының тумасы болғанымен, бүгінгі таңда Берлин қаласындағы симфониялық оркестрде жұмыс істейді. Андрей Германиядағы консерваторияда оқып жүрсе де, жолдастарымен қарым-қатынасын тоқтатқан емес. Бүгінгі классикалық музыка кешін ұйымдастыруға  досы, дирижер Сергей Имашбаев себепкер екен.

  Андрей Шульц, пианист-дирижер, халықаралық байқаулардың лауреаты:
 – Мен Петропавлға жергілікті оркестр дирижері Сергей Николаевичтің арқасында келіп қалдым.
Жалпы Қазақстанға барып қайтуды бұрындары да ойлап жүретінмін. Өйткені бұл өлке менің туған жерім. Мен осы елдің музыканттарымен жақынырақ танысқым келеді.

Көрермендер Андрей Шульцтің фортепианодағы өнерімен қатар, дирижерлық қабілетіне де тәнті болды. Концертте көбіне Бетховен, Моцарт сынды неміс композиторларының туындылары орындалды. Дегенмен, Андрей басқа ұлттар музыкасына да көп көңіл бөлетін көрінеді.

  Андрей Шульц, пианист-дирижер, халықаралық байқаулардың лауреаты:
– Мен бұрындары әрдайым Рахманиннің музыкасын сүйіп тыңдайтынмын.
Тек соның шығармаларын орындағанды жақсы көретінмін. Қалай болғанда да мен орыс музыкасына аса жақынмын.

Бір жарым сағаттық концертті қыбыр етпей тамашалаған петропавлдықтар кештен үлкен әсер алып тарқасты.
 

Көрермендер:

-Әрдайым осындай адамдардың келіп, концерт бере бергенін қалаймыз.
 –
Классикалық музыка ұнайды. Өзім музыкалық өнер колледжінде оқимын.

Гүлден Сәрсенбаева