Құқық қорғау органдары

Әйелдерді қорғау акциясы

 

 

 

 2010 жылдың 10 айы ішінде облыстық әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінде 684 арыз қаралып, 411 оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көрсеткіш былтырғыдан аз, дегенмен нәзік жандарға қол көтеретіндер аз емес.  

 Қайсар Қанафин, СҚО ІІД ҚҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
 –  2010 жылы ҚР ӘҚБК 79-5 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке барлығы 1904 адам тартылды, 1119 адам қамауға алынды, 299 азаматқа әкімшілік айыппұл төлеу жазасы қолданылды. Сонымен қатар 79-5 бабы бойынша жауапқа тартылды.

Үстіміздегі жылы отбасының тыныштығын бұзып, әйелдерге әлімжеттік  жасағандарға қатысты 39 қылмыс тіркелді. Оның 15-і адам өлімі, 24-і денсаулыққа ауыр зиян келтірумен тынған. Мұндай қаскөйлік әрекеттер көбіне бірлесіп ішімдік ішу мен тұрмыстың  төмендігі салдарынан туындайды. Тәртіп сақшылары бұған  нақты мысалдар келтірді.

 
  Гүлмира Нұрғалиева, қалалық ІІБ ҚҚБ әйелдерді зорлықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы:
 –  Биылғы жылдың 10 қазанында 1952 жылы туған Владимир Васильев мас күйде келіп, әйеліне күш көрсеткен. Отбасының басқа мүшелерінің көзінше балағат сөздер айтып, отбасының тыныштығын бұзды.

Осындай жағымсыз әрекеттерімен танылып жүрген «ерлер» Әкімшілік кодекстің 79-5 бабына сәйкес 15 күнге дейін бас бостандығынан айырылады. Алайда  өз жұбайларының зұлымдығын айтып, заң органдарына шағым жасау әр әйел затының қолынан келе бермейді. Бұл жөнінен оларға «Әйелдерді қорғау орталығының» қызметкерлері көмек қолын созуға әрдайым дайын.

 Анастасия Пролубникова,  «Әйелдерді қорғау орталығының» қызметкері:
 –  Тұрмыстық зорлыққа тап болатын адамдар үшін біздің сенім телефонымыз 10 жылдан аса қызмет етіп келеді. Аталмыш орталық елдің 5 облысында жұмыс істеуде.Оның мақсаты осындау ғаламдық мәселенің түйінін шешу және ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздікті жоюға үлес қосу.

 Арнайы жүргізілген тексерістер нәтижесі ерлі-зайыптылар арасындағы дау-жанжалдар отбасының күйреуіне, жастар арасында қылмыс санының артуына, сонымен қатар әйелдердің өзіне-өзі қол жұмсауына әкеліп соқтыратынын көрсеткен. Биыл әйелдерге зәбір көрсеткен 11 жасөспірім тіркеуге алыныпты.

 Кәусар Аяпбергенқызы