Қоғам

Қала халқы көбейіп келеді

 

 

 

 

 Соңғы Ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша қазақстандықтардың саны 16 млн 9 мыңнан асқан. Олардың 596 мың 535-і СҚО тұрады екен. Бұл барлық республика азаматтарының 3,7 пайызын құрайды. 10 жыл бұрын бұл көрсеткіш екі есе жоғары болған.

 Надежда Ушакова, СҚО статистка департаменті бастығының орынбасары:
 – Қала халқы 237 мыңнан асады. 13,6 % ауыл-село  тұрғындары. Халық басының кемуіне өзге ұлт өкілдерінің елдеріне оралуы мен басқа облыстардан келіп, білім алған студенттердің кетуі басты себеп. Қалалықтардың екі пайызға өскені байқалғанымен аудан тұрғындары керісінше соншаға кеміген.

Санақ кезінде жиналған мәліметтердің халықтың әл-ауқатын жақсарту, мемлекеттің даму стратегиясын  айқындауда берері мол. Санақ парағына 45 сұрақ енді. Онда азаматтың аты-жөні және туған жылы, ұлты, діні, жылдық табысы, меңгерген тілі және айналысатын кәсібі жайында бүге-шүгесіне дейін нақты мағлұмат беретін сауалдар қойылды. Санақ өңірімізде нәзік жандардың саны басым екенін көрсетіп отыр. Әйелдер облыс халқының 52,4 пайызын құрайды.

Надежда Ушакова, СҚО статистка департаменті бастығының орынбасары:
 -Өңірімізді мекендейтін тәжік, өзбек, әзербайжан ұлттарының  өкілдерінен басқалары біршама  азайған. Барлығын қоса санасақ 10 жылдың ішінде солтүстікқазақстандықтар 129 мыңнан астам адамға кеміді.

 Өңірімізде қазақ ұлтының пайыздық көрсеткіші  артқан. Қазір облыс тұрғындарының 33,5 пайызы қазақтар. Алайда қара көздердің үштен бірі ғана ана тілінде еркін сөйлей алады екен. Ал ағылшын тілін өңір тұрғындарының 9,7 пайызы меңгеріп алыпты. Бұл ұлттық санақ берген толық ақпарат емес. Жуық арада көші-қон, еліміздегі жұмыссыздық, денсаулық, білім салалары бойынша мәліметтер сарапталады. Ұлттық санақ жөніндегі толық ақпаратты ҚР статистика агентігі мен өңіріміздің статистика департаментінің сайттарынан білуге болады.

Жеңіс Ермұқанов