ТКШ

Жылыту маусымы жан-жақты әзірлікпен басталды

 

 

 

 

 

Кезекті жылыту маусымы басталған алғашқы аптада  қаламыздың барлық нысандары мен тұрғын үйлері орталық желіге қосылып үлгеріпті. Олардың қатарында биыл қаңырап қараусыз қалған ғимараттар да бар. “Петропавл жылу желілері” кәсіпорыны биылғы қыста тұтынушыларына 326 мың гигокалорий жылу таратуды көздеп отыр. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 42 мың гигокалориге артық. Ал жылудың шығыны 2 пайызға азайтылған.

 Андрей Калиничев,  “Петропавл жылу желілері” ЖШС директоры:
 – Біз жылу тасымалдайтын 9-шы магистраль мен 3ші  насос станциясын қалпына келтірдік.
13 шақырымға жуық құбыр жаңартылды. 3 км. жылу магистралі оралды. Жылу үнемдеуге қатысты жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.

Ағымдағы жөндеуден өткен 10 желілік насос станциясы мен 11 қосалқы жылыту құрылғылары облыс орталығын толығымен қамтуға жеткілікті екен.  

Андрей Калиничев,  “Петропавл жылу желілері” ЖШС директоры:
  Жылумен қамту кәсіпорнына шағым жасағандар жоқ. Өз тарапымыздан қажетті жылуды жіберіп жатырмыз. Тек 2 мектеп директоры білім ордасының суықтығын айтты. Біздің бригада мектептің   жылу торабын тексергенде ішінен бөтелкенің сынығы табылды. Оны алып тастаған соң жылу 2,5 есе артқаны байқалды.

2010 жылдың қазан айынан монополист- кәсіпорын екі жылдық орта мерзімді тариф енгізді. Осыған орай “Петропавл жылу желілері” кәсіпорыны техникалық-экономикалық көрсеткіштерін арттыру мақсатында инновациялық бағдарламаны қолға алып отыр.

Андрей Калиничев,  “Петропавл жылу желілері” ЖШС директоры:
 – Бізде 70 пайызға дейін тозған ескі құбырлар бар. Инвестициялық бағдарлама аясында бірінші кезекте сондай істен шығуға таяған құбырлар ауыстырылады. 2011-2012 жылдары Алтынсарин мен Осипенко көшелерінің аралығындағы желі мен 5-ші жылу магистралін толығымен жаңартамыз. Бұл қуаттылықты арттыруға септігін тигізеді.

Кәсіпорын осылайша жылу үнемдеу мен қалпына келтіру жұмыстарына алдағы екі жылда 1 млрд. теңге жұмсамақ.

Жеңіс Ермұқанов