Әр түрлі

Қысқы мерекелерге дайындық

 

 

 

Ол 4 бағыттан тұрады. Алғашқысында мемлекеттік мекемелер мен жеке меншік кәсіпорындар кеңселері мен оған тиесілі аумақты безендіруі керек. Ең көріктісі қала әкімінің алғыс хатымен марапатталып,   сыйақыға ие болады. Жалпы жүлде қоры 350 мың теңге. Өткен жылы 14 мұз қалашығы болса, биыл   ондай учаскелердің саны 22 болмақ. Мұз сарайлары Жұмысшы, Солнечный кенттері, Заречный, Бензострой, Былғары зауыты сияқты қаламыздың шалғай аудандарында да бой көтеретін болады. Мұз бен қардан мүсіндерді соғу өңіріміздің ірі кәсіпорындарына тапсырылды. Көше бойларына түрлі- түсті шамдар іліп, сәндеу тұрғын үй шаруашылығы  бөліміне жүктелді. Пестрое көлінде мұз айдыны мен шаңғы базасы орналасады.  Әр мектеп жанында мұз айдыны құйылатын болады. Қаламыздың көркейюіне үлес қосып, байқауға қатысамын деушілер өз ұсыныстары мен эскиздерін 29 қараша -13 желтоқсан аралығында тапсыра алады.