Білім

Отан қорғаушы болғың келсе …

Құрлық әскері әскери институты 12 мамандық бойынша офицерлер даярлайды. Командалық- тактикалық, мотоатқыштар, әуе-десант, танк әскерлері,  азық-түлікпен , киім-кешекпен, қару-жарақпен қамтамасыз етуші офицерлер осы оқу орнынан еліміздің әскери бөлімдеріне жол тартады.

  Қайрат Серкебаев, ҚР ҚК құрлық әскері әскери институтының оқытушысы:

 

 

-Біздің офицерлер ішкі әскерлерде , Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етеді.

Қайрат Серкебаевтың таныстыруы бойынша 40 жылдан аса елімізге офицер даярлайтын оқу орнының профессор- оқытушылар  құрамы жақсы. Материалдық-базасы нығайтылған. Курсанттардың сапалы білім алып, физикалық даярлықтарын шыңдауға жағдай жасалған. Стипендиясы, демалысы да бар.

  Қайрат Серкебаев, ҚР ҚК құрлық әскері әскери институтының оқытушысы:

-Бізге денсаулықтары жақсы, ЕНТ- ны жақсы тапсырған балалар керек.

Институт өкілі облыс орталығындағы мектептердің жоғары сынып оқушыларына әскери оқу орны туралы түсіндіріп, даярлық жүргізу кезеңдері туралы әңгімеледі.  

  Аслан Уәлиев, № 20 орта мектеп оқушысы:

-Мен білмеймін барам ба , бармаймын ба. Достарыма, туыстарыма айтып көрем.

Оқу орнына құжат тапсыру жергілікті әскери бөлімдерде ақпан айынан басталады.

 Әсем Сембина