Құқық қорғау органдары

Орманшының өзі браконьер болғаны ма?

 

 

 

 

 

 Әдетте аңшылар саятшылық құруға «Нива» сияқты жол талғамайтын көлікпен шығады. 49 жасар күдікті де Гончаровка селосынан 4 шақырым жерде осындай  көлікпен келе жатқанда қолға түскен.

  Әлия Жүсіпова,  Қызылжар АІІБ тергеушісі:

 – Автокөлікті тінту барысында еліктің еті, мылтық пен пышақ тәркіленді.

Соколов мемлекеттік орман мекемесінің орманшысында саятшылық құруға рұқсат беретін құжат болмаған. Көліктен табылған аңшы мылтығының да тіркелмегені анықталып отыр. Тіпті орманшы мінген «Ниваның» да құжаттары болмай шықты. Орманшы өзіне бекітілген аумақты тексеріп жүргенінде  ағаш арасында жалғыз жүрген елікті  байқап, бірден атып алыпты. Бірақ жануарды мүшелеп, үйіне бара жатқанында рейд ұйымдастырған тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Жыл басынан солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары осындай заңсыз аңшылық жасаудың 16 фактісін тіркеп, қылмыстық іс қозғаған.  

Гүлмира Шоқтыбаева