МТРА жаңалықтары

Жас дәрігерлер ант қабылдады

 

 

 

 

 Ақ халатты абзал жандардың 6-уы балалар дәрігері, 14-і медбибі. Жастарды қызметке алу рәсімі Гиппократ антын беруден басталды.   Ардақ Жәмет учаскелік дәрігер қызметін адал атқаруға серт етті. Петропавлдың тумасы 7 жыл бойы Астанадағы медицина университетінде оқып, өз қаласында еңбек етуді жөн санап, қайта оралған.

  Ардақ Жәмет, қалалық балалар емханасының учаскелік дәрігері:
 -Маған өз мамандығым ұнайды.
Кішкентай балаларды жақсы көремін. Бүгін міне қызметке қабылдау рәсімі өтуде, жемісті еңбек атқарамын деген ойдамын.

Жас мамандарды ардагер дәрігерлер құттықтап, өз ізгі-тілектерін жолдады. Екатерина Дружкова оқуын бітірген соң қызмет жолын осы емханада бастаған. Содан бері 35 жыл өтіп кетті. Дәрігер жұмысын қимастықпен есіне алады. Енд майталман дәрігер өз орнын жас маман Дина Доценкоға аманат етті.

  Екатерина Дружкова,еңбек  ардагері:

Мен бұл салаға бар өмірімді арнадым. Жастарға айтқым келетіні ең бастысы өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігінен айырылмасын. Бүгін ақ мундир киген жастарды көріп толқып тұрмын.

Емханадағы дәрігерлер ұжымы  көптен бері босап тұрған қызмет орындарының жаңа мамандармен толыққанына қуанышты.

  Людмила Лис,  қалалық балалар емханасы бас дәрігерінің орынбасары:
 – Жас мамандар Астана, Қарағанды қалаларының оқу орындарын бітіріп келген. Өз жұмыстарын бастағалы   білікті дәрігер екендерін дәлелдеп үлгерді.

Қалалық емхананы таңдап келген жастар учаскелік дәрігер, лаборант, емдеу кабинетінің медбибісі болып бүгін ресми түрде қызметтерін бастады.

Гүлден Сәрсенбаева