Әр түрлі

Жаңа мешіт пен шіркеу тұрғызылады

 

 

 

 

 

Пайғамбарымыздың хадисінде “Кім ішінде Аллаһтың есімі ауызға алынатын мешіт құрса, Аллаһ Тағала ол үшін жаннаттан бір үй салып береді” – делінген. Тәуелсіздік алғалы еліміздегі мешіттердің саны 2 мыңнан асты. Қазір облыстың үш ауданында ғана мешіт жоқ. Жыл сайын имандылыққа бет бұрған жамиғаттың қатары артып отыр. Сондықтан мешіттің де қатарын көбейткен дұрыс дейді облыстың бас имамы.

  Қасымхан Абдоллаұлы, Қызылжар орталық мешітінің бас имамы:
 – Қазір бізде мешіттер жетіспейді деп айтуға болады. Мешіт саламын деп ниет танытып жатқан адамдар бар. Соның бірі Фомил Абдоллаев деген азамат, «Петропавл Алматы» базарының басшысы өз қаражатына салмақшы Жұмысшы кентінде 500 орындық және бөлек асханасы болады 250 адамға. Мешіттің имамы мен күзетшісі тұратын жеке үй де салынады.

Жаңа мешіт Жұмысшы кентіндегі Фурманов және Островский көшелерінің қиылысынан орын теппек. Оның құрылысына атсалысамын дегендер табылып жатса, қаражатын арнайы есеп-шотқа аудара алады.   Мешіттің іргетасы қарашаның 27-сі күні таңғы сағат 10.30-да  қаланатын болады. 500 адам орналасатын намазханасы бар алланың үйі келесі жылдың құрбан айтында барша мұсылмандарға есіктерін айқара ашады деп жоспарланған. Сондай-ақ 19-шы ықшам ауданда да Иордания елінің мұсылмандары қаржыландыратын жаңа мешіттің құрылысы жоспарда бар. Елімізде діни қатынастар саласында теңгермелі мемлекеттік саясат жүргізілуде. Соның нәтижесінде ұлтаралық татулық пен ынтымақтастық, ауызбіршілік пен тұрақтылық, сыйластық – бүгінгі таңда біздің басты рухани байлығымыз.

  Қасымхан Абдоллаұлы, Қызылжар орталық мешітінің бас имамы:
 
Құран кәрімде әрбір мұсылман адам басқа діндегілермен және басқа ұлт болсын, жақсы қарым қатынас жасауды, бірбірін құрметтеуді айтады. Міне сол қағидаларды ұстанатын болсақ,  ынтымақ, татулық болады.  

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Татулық болған жерде бірлік те болады. Мұндай мүмкіндіктерге еліміз ұлттар арасындағы достықтың арқасында жетіп отыр.

  Қасымхан Абдоллаұлы, Қызылжар орталық мешітінің бас имамы:
 -Еліміз Еуропадағы ынтымақтастық ұйымына басшылық етіп жатыр. Өйткені біздің елде ұлттар мен ұлыстар, діндер  барлығы тату-тәтті бірлікте өмір сүріп жатыр.
Ұйым бүкіл дүние жүзілік халықты теңдікте, бір қалыпты бірлікте, тыныштықта өмір сүруге шақырады. Бұның рөлі өте зор. Сондықтан әрбір азамат өз үлесін қосып, қолынан келсе, жақсылық жаса деген қағида бар.  

Облыс орталығында бой көтеретін 4-ші мешіттің алғашқы кірпіші қаланған күні сол маңда Мария Магдаленаның құрметіне  қаламыздағы 4-ші православ шіркеуінің құрылысы басталады.

 протоиерей Сергий:
– 27 қараша күні сағат 10-да Қостанай мен Петропавл епископы Анатолий мен облыс әкімі және темір жол басшысы болашақ храмның капсуласы мен алғашқы тасын орналастырады.
Бұл күн дін жолындағы азаматтар үшін қос мереке болмақ. Мұсылман бауырларымыз да Алла үйінің алғашқы тасын қалайды.

Бірі Құранды, енді бірі Библияны уағыздап, діндері басқа болғанымен, көздеген мақсаттары бір. Екі дін үйінің қатар бой көтеруі еліміздегі халықтар арасындағы достықтың тағы бір айқын дәлелі.

  
Жеңіс Ермұқанов