Ардагерлер ұйымының конференциясы

Әр түрлі

16:21 24 Қараша 2010

 Бүгінде өңірде мүгедектігі үшін жәрдемақы алатын 42 мың адам, жасы келіп зейнетке шыққан 35 мың қария болса, олардың 9 299-ы тыл еңбеккері, 500-дейі Отан соғысының ардагерлері. 5 жылда бір өткізілетін ауқымды жиынға қатысушылар өмірден озып кеткен замандастарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

 Сара Тасеменова,  қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
– Конференцияда 200-ге таман делегат сайланып, кәсіпорын, оқу орындарында ардагерлер кеңесінің басшыларын сайлап, шешім қабылдады. 200-ден астам адам келіп, сұрақтарын қояды.

Өткен бесжылдықта ардагерлер кеңесі бірқатар жүйелі істердің басын қайырыпты. Алдымен аталмыш ұйым төрағасы облыстағы егде адамдардың әл-ауқатының өскенін атап өтті. Қазірде қаладағы түрлі кәсіпорындарда 145 ардагерлер ұйымы жұмыс істеп жатыр, оның 17-сі биыл құрылды. Бәрінің  мақсаты – қариялар мен мүгедектерге қолдан келгенше жеңілдіктер жасап, көмек көрсету. Атқарылған жұмысқа халық бағасын береді.

Зура Бәкірова, №1 мектеп-интернат мұғалімі:
Зейнеткер ретінде үкіметімізге ризамын, зейнетақы көбейіп жатыр, дәрі-дәрмекті уақытында аламын. Директорымыз қанша жұмыс істесеңіз де істей беріңіз деп жатыр. Сыйлайды.

Биыл жерлес қариялардың біршамасы орден- медальдармен, құрмет грамоталарымен марапатталды, бірнеше ардагер Ұлы Отан соғысының 65 жылдығын тойлауға Астана қаласына барып қайтты. Қариялар үшін өте маңызды осындай шараларды ұйымдастыруда ардагерлер кеңесінің атқарған жұмысы ауқымды. Бақытты зейнеткерлердің ендігі мұңы өздері емес, ұрпақтарының ертеңі.

  Әлімжан Мәжитов,  зейнеткер:
Келесі оқу жылынан бастап, енгізу керек қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын. Назарбаев өзі айтып жүр: “қазақ қазақпен бір-бірімен қазақша сөйлессін” деп. Сондықтан осы жағына көп назар аударса.

Кәусар Аяпбергенқызы