Білім

Ана мен бала күні

 

 

 

 

 

Бала мен ана күніне арналған бұл семинарға қалалық мектептердің әлеуметтік ұстаздары, ата-аналар және оқушылар қатысты. Жеткіншектер концерттік бағдарлама әзірлепті, ол семинарды қызықты ете түсті. Ұстаздар осындай шаралардың отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтатынына сенімді.

  Шекер Жақаева, №12 мектеп ұстазы:
– Жас ұстаздар осылай бір-бірімен тәжірибе алмасып отырады.
Бұл семинардың ұзтаздарға, балаларға беретін пайдасы өте көп. Балаларды адамгершілікке, тәртіпке үйретеді. Осындай семинарлар қала мектептерінде жиі болса, нұр үстіне нұр болады.

«Ана» сөзін қасиетті деп есептейтін жеткіншектер аналарын мерекемен құттықтады.

 Балалар:

Ана мен үшін ең маңызды адам. Ол әрдайым қасымда. Әрқашан көмектесіп, кеңес беріп отырады.
– «Ана» деген үлкен сөз. Ол бізді тәрбиеледі. Қамқоршы болды. Болашақта да бізді қолдап отырады.
Ана ең қасиетті адам. Ана болмаса мен де болмас едім. Сондықтан да ананы бүгінгі күнмен құттықтағым келеді.

Семинарда отбасылар арасында шағын жарыс ұйымдастырылды. Татьяна Щвец қызы Валериямен өнер көрсетіп, үздік атанды.

  Татьяна Швец,  ана:
 – Жасыратыны жоқ, аналар үйінде әрдайым балаларына көмектесе бермейді. Өздеріңіз де білесіздер, нәзік жандардың жұмысы көп, бос уақыты аз. Бұл сияқты шаралар өте жақсы, оң әсер береді. Ана мен қызды жақындатады.

Айдана Демесінова