Әр түрлі

Үздік аспаз анықталды


 

 Ас бөлмесінде түрлі тағам әзірлеп жатқан шеберлердің қиялдары мен мүмкіндіктері тіпті шексіз секілді.  Айыртау ауданынан келген Любовь Подкорытова атауының өзі қызықтыратын «Рафаэло» тағамын дайындап жатыр. Ал Светлана Горбач болса «Балық миксі» деп атаған тағамын сәндеуге көшіпті.
 

Светлана Горбач,  Петропал құрылыс-экономикалық колледжінің оқытушысы:
-Бұл тағамды дайындаудағы ең маңыздысы тұздықты дұрыс жасау.
Мен оны асшаяннан әзірлемекпін. Ал қазір лимонмен безендіремін, оның шырынын да тағамға қосамын.

Дегенмен қиялдың тым шарықтап кетуіне де жол бермеу қажет. Бәрі өз мөлшерімен, тиянақты орындалғаны бағаланады.

  Гүлнар Ашамаева,  №5 кәсіптік лицей директорының орынбасары:
Бұл конкурстың мақсаты – кәсіптік білім берудің деңгейін анықтау және өндірістік оқыту шеберлерінің шығармашылық, кәсіби дағдыларын арттыру.

Әр туындыдан сайыскерлердің өзіндік қолтаңбалары білінеді. Дегенмен әлі дайын тағамды әдемілеп орналастыру да бар. Бұл жөнінен «Астана» мейрамханасының ұжымы оларға жағдай жасап отыр.  

 

 Савелий Пионткевич, «Астана» мейрамханасы директорының орынбасары:
– Меніңше, тағам дайындай білу, оған үйрену, жаңаны танып білу  – керемет іс.
Неге адамдарға осындай мүмкіндік бермеске. Егер ниет танытқандар болса, өзімізге жұмысқа алуға да болады.

Сайыс 5 кезеңді қамтиды. Оның ішінде қатысушылардың өздерін таныстыруы, тестілеу сияқты бөлімдері бар. Алайда ең бастысы – білгеніңді іспен дәлелдеу. Қорытындылай келгенде, 1-ші орын мен республикалық аспаздар сайысына жолдаманы европалық «Балық миксін» жасаған Светлана Горбач жеңіп алды. Ал екінші орынды Ольга Макишева мен Наталья Лошкарева өзара бөлісті. Ал 3-орын Татьяна Холкинаға бұйырды. Ел деңгейіндегі жарыс желтоқсанның 9 -10 аралығында Елордада өтетін болады.

 Кәусар Аяпбергенқызы