Әр түрлі

Санитарлық нормаға сай келмесе – жабылады

 

 

 

 «Ыстық, қатпарлы самса» деген жазу мен жағымды иісі мұрын жаратын  дүңгіршектер кез-келгенді анадайдан елітіп тұратыны белгілі. Сондай орындардың бірі «Океан» базарынан орын тепкен. Алайда ол сот актілерін орындау комитеті мен санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мамандары өткізген тексерістен бері жабық тұрған көрінеді.  Өйткені бұл орын санитарлық талаптарға сай келмейді. Ал «Южный» базарындағы   дүңгіршектің саудасы керісінше қызып тұр. Осы жерден түрлі нан өнімдерін сатып алушылар оның қандай жағдайда пісірілетінін көрсе, жоламас еді. Дәл мынадай лас көріністі тексерушілер өткен жолы да байқап, саудаға тыйым салып кеткен болатын. Бұл жолы дүңгіршек жабылды.

  Сайран Нұрмұқанов, СҚО бойынша сот актілерін орындау комитетінің сот орындаушысы:
 – «Южный» базарындағы бұл сауда нүктесін қызметті тоқтату жөніндегі 15/23 өндіріс нөміріне сәйкес жаптық. Талаптарға сай келмейтін цехтар да кездеседі. Олардың көбі, әрине, тағам өндірумен айналысушылар.

Ал «Черемушки» шағын ауданындағы ыстық нан өнімдерін сататын тағы бір дүңгіршек құлыптаулы тұр екен. Бірақ оның иесі тексерушілердің  бұйрығын орындады ма, әлде уақытша көз алдады ма, ол жағы белгісіз.

  Джангелді Ибраев,  қалалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары:
Біз кезекті рет түрлі орган мамандарымен бірлесіп рейдке шықтық. Бүгін нормативтік талаптар мен қажетті құжаттары жоқ сауда орындарын жаптық. Мұндай тексеріс үнемі жүргізіліп отырады.

Жыл басынан бері заң талаптарына бағынбаған осындай 20 шақты сауда орны жабылды.

 Кәусар Аяпбергенқызы