Әр түрлі

Салық төлеуге қатысты жеңілдіктер

 

 

 

Облыста 2009 жылғы қаңтардың 1-іне дейін салықты уақтылы төлемей, өсімпұлға тап болған заңды тұлғалар аз емес. Енді төленбеген айыппұл сомасы салық берешегі болып танылмайтын болып шешілді. Мұндай өзгерту салық кодексінің 32-1 бабына сәйкес енгізілген. Дәл осы заңнамада өсімпұлды есептен шығару тәртібі белгіленген.

  Ескен Әкімжанов, СҚО бойынша салық департаментінің салықтық заңнамаларды түсіндіру басқармасының бастығы:
Заңның 32 бабымен келесі мәселе қарастырылған: 2010 жылғы 1 мамырға дейін төленбеген айыппұл сомасы салық берешегі болып танылмайды. Және бюджетке енгізілмейді. Бірден есептен шығарылады. Айыппұл сомасы уәкілетті органмен бекітілген тәртіпте есептен алынуы тиіс.

Бұл кәсіпкерлер үшін оң өзгеріс. Қалай болғанда да өсімпұл аз-аздап жиналғанымен қалтаны қағатыны хақ дейді есепші маман Нина Сапожникова.

  Нина Сапожникова:

-Өсімпұл үлкен емес, алайда ол біраз уақыттан соң қомақты сомаға айналып шыға келеді. Егер де ол алынып тасталса, кәсіпкерлерге жақсы болар еді.

Салықты уақытылы төлемей, еселенген өсімге тап болған азаматтарға қатысты бұл мәселе 2011 жылғы сәуірдің 1-не дейін шешілуі тиіс. Ал ондай заңды тұлғалардың тізімін сараптау ісімен арнайы комиссия айналыспақ. Оның құрамына заңды қызмет орындарының мамандары, салықты тіркеу ісінің қызметкерлері кіреді.

Гүлден Сәрсенбаева