Спорт

Гір көтерушілер әлем чемпионатынан жүлделі оралды

 

 

 

 

 Қазақстан құрамасы спорттың бұл түрі бойынша әлемде алдыңғы қатарда. Мұны спортшыларымыз Фин елінің Тампер қаласында өткен чемпионатта 2-ші орын алып, дәлелдеді. Команда 17 адамнан ғана тұрса да нәтиже жаман болған жоқ. Мәселен, Ресей  бұдан 2 есе көп спортшы жіберген екен.

  Андрей Глывяк, гір көтеру спорты бойынша СҚО бас бапкері:
 -Спорт шебері Виталий Диденко 85 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жарыстың 1-ші күні Ресей  спортшысынан ұтылып, 2-ші орынға ие болды. Екінші күні де ресейлік спортшыға есе жіберіп, 2-ші орын алды. Мен әуесқойлармен көпсайыста 24 келілік гір көтерудің ұзын цикліне қатысып, жеңіске жеттім.

Үшінші солтүстікқазақстандық – Владислав Третьяков.   Гір көтеру спортымен айналысқанына 7 жыл болды. Осы уақытта 10 шақты рет Қазақстан чемпионы атанған. Ал Финляндияда өткен әлем чемпионатында командалық эстафетада күміс жүлде және жасөспірімдер арасындағы көпсайыста қола жүлде иемденді   

 Владислав Третьяков,  гір көтеру спорты бойынша спорт шебері:
 – Менің салмақ дәрежемде 15 адам қатысты. Ең басты қарсыласым  ресейлік спортшы Владимир Петров болды.
7 рет артық көтеріп, оны жеңдім. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберіне екі ұпайым ғана жетпеді.

«Ұзын цикл» жаттығуларында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атану үшін гірді 62 рет көтеру керек. Ал бірнеше жыл бұрын бұл көрсеткіш 60  рет көтерумен шектелетін. Владислав дәл осы нәтижені Финляндияда көрсетті. Алда   – Қазақстан чемпионаты. Жерлес спортшылар  сол жарыста барлық  нормативтерді  орындауды көздеп отыр.

Айдана Демесінова