Спорт

Үстел теннисінен турнир

 

 

 

 

Акробатикадан спорт шебері, теннисші, шаңғышы және ұстаз Михаил Антипиннің құрметіне арналған турнирге 70-ке жуық адам қатысты. Абзал жанның дүниеден озғанына биыл екі жыл, спорт тарланын әріптестері  мен достары ұмытқан жоқ.  Үстел теннисінен жаттықтырушы  Виктор Тюрин кезінде Михаил Николаевичпен колледж атынан талай рет бірге додаға түсткен.

 
  Виктор Тюрин,  СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжінің үстел теннисінен жаттықтырушысы:
-Турнирге қатысушылар 4 топқа бөлінді. Жалпы үстел теннисінің бір ерекшелігі  –  жас шамасына байланысты бөлу деген жоқ.
Сондықтан сайыста ересектер мен жас буын бірдей күш сынасты.

 

Әуелде дода әуесқойлар үшін деп белгіленгенімен, оған спорт шеберлері де кірісіп кеткен. Елена Мазуренко – Қазақстандағы мүгедек спортшылар арасында теннистен 13 мәрте чемпион атанған. Елена Михаил Антипинмен  жақсы араласқандардың бірі.

  Елена Мазуренко,  ҚР мүгедек спортшылар арасындағы теннистің 13 мәрте чемпионы:
 – Осы жарысты ұйымдастырушылар мен оған   қатысушылар Михаил Антипиннің құрметіне ұйымдастырылған бұл сайыс дәстүрге айналады деген үмітте.

Гүлден Сәрсенбаева