Мәдениет

Поляк халық биінің фестивалі

 

 

 

 

Халық билерінің  өңірлік фестивалі 1-ші рет өтуде. Шараны «Коперник» ұлттық-мәдени орталығы мен ҚР-дағы Польша елшілігінің консулы Бартош Яблоньски ұйымдастырған. Жарыс Астана қаласында өтетін Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитіне арналған.

 Бартош Яблоньски,  Қазақстандағы Польша елшілігінің консулы:
-Мен үлкен қуанышпен осы елге келіп отырамын.
Маған бұл елдің халқы ұнайды. Олар өте мейірімді, жақсы, әрі мәдениетті адамдар. Қазақстандықтардың поляк биін билегені қуантады. Жақсы билейтіндеріне таңданып тұрмын.

Жоба Польша Республикасы сенатының тапсырмасымен поляктарды шет елдерде қолдау бағдарламасы аясында өтіп отыр. Фестиваль барысында Польша елшісі 6 солтүстікқазақстандыққа поляктардың арнайы карточкаларын табыс етті.
18-ғасырда поляк биінің өркендеген кезінде  «Мазурка» биінің  даңқы шықты. Бұл биді «Дружные ребята» би ансамблі көрермен назарына ұсынып, арнайы сыйлыққа ие болды.  Анастасия Крейцберг Көкшетау қаласынан келген. Кішкентай кезінен биге әуес қыз “Поляне” ансамблінде 2 жыл өнер көрсетіп келеді. Анастасия Қазақстан елінің азаматы екендігін үлкен мақтанышпен айтады.

  Анастасия Крейцберг,  «Поляне» би ансамблінің мүшесі:
 – Мұнда тұратынымды мақтаныш етемін.
Біздің ең бірінші байлығымыз татулық.

Байқауға 10 би ұжымы қатысты. «Поколение» вокалдық-би ансамблі үздік деп танылды. Аталмыш ұжым көрерменнің ықыласына бөленіп, «Вспульнота Польска» бірлестігінің арнайы сыйлығына ие болды.

Айдана Демесінова