ТКШ

Облыс орталығының тұрғындары сенбі күні неге сусыз отырды?

 

 

 

 Су таңғы сағат тоғыз кезінде тоқтаған. Кейбір тұрғындар дүкенге жүгірсе, өзгелері “Петропавл су” кәсіпорнының диспетчерлік бөліміне хабарласқан. Апат  болған аумақта жүздеген шаршы метр жер мұз астында қалыпты. Бұрқақша атқылаған суды тоқтатпағанда, қор таусылып, қала екі тәулікке сусыз қалуы мүмкін еді дейді мамандар.

Сергей Визеров, главный инженер АО “Петропавл су”:
Бұл су таратқышты тоқтату үшін тиектерді жабу қажет. Ал олардың барлығын жауып бітіргенше, 20-30 мың текше метр су ағып кетуші еді. Біз бұл жағдайда насос станциясының жұмысын тоқтатқан дұрыс деп шештік.

Жаңа “Оңтүстік” мөлтекауданына тіршілік көзін жеткізетін Оңтүстік-шығыс су таратқышын “Рүстем” ЖШС -нің қызметкерлері өткен жылы төсепті. Үш шақырым құбырды салуға 200 млн. теңге жұмсалған. Мамандардың болжамы бойынша, апат сапасы төмен металлдан жасалған құбырдан болған. Не болмаса жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмеген. Мұны енді сараптама көрсетеді. “Петропавл су” кәсіпорнындағылар екі жылдық кепілдеме әлі күшінде болғандықтан, “Рүстем” ЖШС-нен сот арқылы жарты миллионға жуық қаржы талап етпек.

Айымгүл Әбілева