Мәдениет

II Халықаралық КВН ойыны

 

 

 

 

 

Күлдіре білу – кез-келгеннің қолынан келе беретін өнер.  Петропавлдық өнер сүйер қауымды күлкіге қарық қылу үшін Ресейдің Челәбі, Стерлитамаг, Уфа қалаларының құрамалары мен қазақ жерінен Астана, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау қалаларының және жергілікті әзілқойлар жиылды.  Бір тақырыпта өнер көрсеткен 12 құрама жан-жақтылықтарымен таныла білді.  Әзілқой қонақтар жергілікті көрерменнің  қошеметіне  ие болды. Әсіресе шекара асып келген Стерлитамагтың жігіттері ұтымды әзілдей білді.  «Зал біздің әр әзілімізді жақсы қабылдады. Біз қазақ елінің қонақжай екенін естігенбіз. Алғаш рет келіп отырмыз. Дәл осылай қарсы алады деп ойламадық та. Келесі шақыртуларды асыға күтетін боламыз» – дейді өнерпаз жігіттер.  Өздерінің өткір әзілдерімен жергілікті көңілді тапқырлар да таныла білді.   ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтының  жігіттері қазақ, орыс жоғарғы лигаларын қатар алып жүр.

  Берік Сәліханов, ҚР ІІМ ІӘ әскери институты құрамасының мүшесі:
 -Бір ай бұрын қазақ лигасында ойнап гран при алдық. бізді орыс командасына шақырды. Өзіміз жақсы ойнап шықтық деп ойлаймыз. Барлық мәселелерді  келістіріп көтердік. Біз ішкі әскерміз ғой, басты мақсатымыз халықты қорғау. Екіншіден халықтың көңілін көтеру.

Бас жүлде  Стерлитамаг қаласының әзілқойларына берілсе, бірінші орынды Уфа қаласының «Сергеичи» құрамасы әкетті.

 Жеңіс Ермұқанов