Әр түрлі

Степан Башкиров – 85 жаста

Степан Башкиров Ұлы Отан соғысында елін жаудан қорғады. Бейбіт күнде ел экономикасын гүлдендіруге атсалысты. Тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысты.  Соғыс және еңбек ардагерін елі мақтан тұтып, құрметтейді. Бұл қария үшін үлкен бақыт.

  Жасұлан Құдабаев, тыл еңбеккері:
 – Ол менің жолдасым, көп жыл бойы араласып келеміз.

  Жасұлан Құдабаев, тыл еңбеккері:
 – Ол менің жолдасым, көп жыл бойы араласып келеміз.

Өте еңбекқор адам.

Осындай маңызды күні Степан Федорович замандастарының ортасынан табылды. Ардагерге облыс әкімінің атынан орынбасары Фархад Қуанғанов құрмет грамотасын табыс етті. Қария зейнет демалысында да қол қусырып отырған емес. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жастарды  тәрбиелеуге үлес қосып жүр. Қала әкімі мерейтой иесіне арнайы төсбелі тақты. Бұл төсбелгі енді “Ленин”, “Қызыл жұлдыз”, «Парасат» ордендерінің қатарын толықтыратын болды.

  Степан Башкиров, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы:
Жолдастарымның арасында еңбек етіп жүргеніме қуанамын. Ол мен үшін үлкен бақыт. Осы жерде менімен бірге соғысқа аттанған майдандас жолдастарым да отыр.   Соғыс біткесін, бірігіп, елді көтердік. Енді қарттық шақтың қызығын тойлап жүрміз. Бәріне алғысым шексіз.

Сексен беске келген Степан Федорович салауатты өмір салтын ұстанып, жеңіл атлетика, футбол, шахмат ойнайды екен.  

 

Кәусар Аяпбергенқызы