Әр түрлі

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызмет аясы кеңейді

 

 

 

 

 Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі сегіз сала бойынша жылына мыңға жуық адамды қабылдайды. Балаларға берілетін жәрдемақыны рәсімдеу үшін келетіндердің саны тіпті жыл санап өсуде. Ал аталмыш бөлімде не бары 5 маман жұмыс істейді екен. Сондықтан бертін келе осы қызметтердің бір бөлігі халыққа қызмет көрсету орталығына  берілді.

 Ербол Хамзин,  қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің бас маманы:
 – Біз халыққа қызмет көрсету орталығына протезді-ортопедиялық көмек, мүгедектік және оларды сурдо, тифлоқұралдарымен қамту сияқты қызметтерді бердік.

Мұндай өзгеріс «Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйе» жобасының күшіне енуіне байланысты енгізілді. Оның мақсаты мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалауды қамтамасыз ету және қызмет көрсету кезінде туындайтын әкімшілік кедергілерді жою. Енді азаматтар өздеріне қажетті көмекті бір мекемеде ала алады. Әсіресе  қариялар үшін бұл қолайлы жағдай туғызып отыр.

 Александр Ткаченко,  1 топтағы мүгедек:
– Әрине, бұл бізге өте қолайлы. Жеке бас куәлігімді рәсімдеуге келіп едім, осында басқа керекті анықтамамды жасап алуға да болады екен.

Бұл қызметтердің барлығы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жасалады.

 Кәусар Аяпбергенқызы