Билік

Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынас – әлемге үлгі

 

 

 

 “Сенім, дәстүр, ашықтық және төзімділік” – Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығының осындай ұранмен өткізілуі тегін емес. Бұл қағидаттар біздің еліміздің ішкі, сыртқы да саясатының рухын бейнелейді. Қазақ елі ТМД мемлекеттері ішінде алғашқы болып ОБСЕ ұйымына төрағалықты алды. Бұл батыл қадам – еліміздегі тұрақтылық, келісім мен бірліктің айқын айғағы екені анық дейді облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Сергей Бородин. Бүгінгі таңда бұл бірегей институт мемлекетіміздегі татулық пен тұрақтылықтың алтын арқауына айналып отыр.

  Сергей Бородин, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі:
Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі – Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалығының құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бүгінде еліміздегі бірегей институт өркениетті әлем­ге өзінің өміршеңдігін дәлелдеп берді. Елбасымыз – толеранттылықтың қазақстандық моделі Еуропа елдерінде де әбден тамырын жая алатынын айтқан болатын. Бұл мәселелер желтоқсанның 1-2-сі Астана қаласында өтетін Саммит кезінде айқын көрінбек.

ОБСЕ саммитінің біздің елімізде өткізілуі – мемлекет дамуына серпін беріп қана қоймай, халқымыздың татулығы мен бірлігін нығайта түспек. Ассамблея мүшелерінің пікірі осыған саяды. Бұның алдындағы саммит осыдан 11 жыл бұрын өткені белгілі. ЕҚЫҰ -на мүше елдер басшыларының Саммитін лайықты деңгейде ұйымдастыру Қазақстан үшін абыройлы міндет.

Сергей Бородин, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушіс:
ОБСЕ саммитінің Қазақстанда өткізілуі әлемдік қауымдастықтың мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін мойындағанын айғақтайды. Аз ғана жылдар ішінде Қазақстан биік белестерді бағындырды. Бұның барлығы ел Президентінің көреген саясатының нәтижесі. Алда үлкен міндеттер тұр. Оларды орындау үшін бірлігі жарасқан Қазақстан халқы жұмыла кірісуі қажет.

ОБСЕ саммиті  – әлем елдері үшін маңызды саяси шара. Бұл кездесуде бүгінде күн тәртібінде тұрған қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыға түспек. Ал саяси жиынның қазақ елінде өткізілуі жас мемлекетіміздің халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыра түсетініне дау жоқ.

 Айымгүл Әбілева