Әр түрлі

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың облысқа сапары

 

 

 

 Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен Қостанай және Петропавл епархиясының епископы Анатолийді солтүстікқазақстандықтар әуежайда  нан мен тұзбен қарсы алды.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр, Қазақстан православ шіркеуі Митрополиттік аймағының басшысы :
-Митрополиттік аймақ – ағартушылық, миссионерлік және баспа қызметін үйлестіру мақсатында құрылды.
Сондай-ақ епископтар халыққа жақын болып, епархиялар арасында ерекше қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туады. Қазақстан православ шіркеуі бірнеше жаңа епархия ашып отыр. Бұл – Қарағанды, Қостанай – Петропавл және Павлодар-Өскемен епархиялары. Біз солтүстік Қазақстанға жаңа Қостанай және Петропавл епархиясының епископын таныстыруға келдік.

Жаңа епархияның епископы Анатолий бірден еліміздің екі облысында еңбек ететін болады.

 Қостанай және Петропавл епархиясының епископы Анатолий:
Өзгерістер болуы керек. Қызметті үйлестірген жағдайда нәтиже де жақсы болады. Бұл жаңа бастама жемісті болады деген сенімдеміз.

Қазақстандағы жаңа үш епархия орыс православ шіркеуінің шешімімен құрылып отыр. Олар – православ шіркеуінің митрополиттік аймағының құрамында бұрын болған үш епархияны қайта ұйымдастыру нәтижесінде дүниеге келді. Енді православ құрылымдарының орталықтары 6 қалада – Астана, Алматы, Орал, Қарағанды,Қостанай және Павлодарда орналаспақ. Митрополиттік аймақты қайта ұйымдастыру Қазақстан православ шіркеуінің қызметін үйлестіруге мүмкіндік береді деген сенімде дін басылары.

Айымгүл Әбілева