Спорт

Каратэшілер 3 медаль әкелді

 

 

 

 Кеңес Одағының спорт шебері Дмитрий Обуховтың жүлдесі қойылған бүкілресейлік каратэ турнирі орыс елімен қатар басқа да республикалардың шығыс жекпежекшілерін жиып, барлығы 56 қала өкілдерінің бастары қосылды. Дәстүрге айналған ашық халықаралық  додада еліміздің намысын Ақтөбе мен Петропавл қаласының спортшылары қорғады. Солтүстік Қазақстан жарысқа үш сайыскер ғана жіберіпті. Сан жағынан аз болғанымен, жерлестеріміз сапалы өнер көрсете алды.

 Асхат Сақыпкереев, СҚО каратэ федерациясының президенті:
– Балалардың көрсеткен нәтижесіне өте қуаныштымын.
Бұл жарыс дайындық ретінде болды. 2011 ж. ақпан айында ҚР чемпионаты өтеді. Ақтөбеде кадеттер арасында ҚР чемпианаты болады. Онда Азияға іріктеу  болады.

Серік Ережепов жеке катада алдына алаң иесін жіберіп алып, күміс алқаға ие болды.  Жерлесіміз бұнымен тоқталмай, тағы бір алқа асынып қайтты.  

Серік Ережепов,  жарыс жүлдегері:
 – Мен 16-17 жас аралығында өнер көрсеттім.
Кумитэде 55 келіге дейін төбелестім. Онда үш жекпе-жек  өткізіп,  полуфиналда Челябинскіден жеңілдім. Осындай жетістікке жеткеніме жаттықтырушыма рақмет айтамын.

Енді бір жерлесіміз Олжас Құсайынов та Ресей жерінен олжасыз оралмай, жүлдеге ілікті.

  Олжас Құсайынов, жарыс жүлдегері:
Жарыста 14-15 жаста кумитэден үшінші орын алдым. Жарыстың деңгейі өте жақсы болды. 200-ден астам қатысушы жиналды.

Осылайша шеберліктерін көрші елде сынап келген өңіріміздің дарынды шығыс жекпежекшілері енді алдағы республика деңгейіндегі байрақты додаларға  қызу дайындық үстінде.

Жеңіс Ермұқанов