Білім

Жас мамандар байқауы

“Кәсіпорынның үздік жас маманы” және “Оқу ордасының үздік жас маманы” деген екі аталымда 10 адам сынға түсті. Сайыскерлер мамандық бойынша білімдерін көрсетіп, кәсіби шеберліктерін дәлелдеулері қажет болды. Байқау қорытындысы бойынша, кәсіпорынның үздік жас маманы болып “ПЗТМ” АҚ қызметкері Виталий Павлухин атанды. Ал “Оқу орнының жас маманы” аталымында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқытушысы Максим Яварович жеңіске жетті. Оның оқу үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі әдісі тек комиссия мүшелерінің ғана емес, колледж студенттерінің көңілінен де шықты.

Айымгүл Әбілева