ТЖ

“Қыс -2010”

 

Өрт сөндірушілер, байланысшылар, жолшылар, медицина қызметкерлері төтенше жағдай бола қалса, адамдардың өмірін алып қалуға жандарын салады. Бүгінгі жиында аталған мамандық иелерінің барлығы төбе көрсетті. Жұртшылық назарына қысқы төтенше жағдайлардың алдын алатын және жоятын арнаулы техникалар ұсынылды.  

  Евгений Обухов, СҚО бойынша төтенше жағдайлар департаментінің апаттан құтқару қызметі бөлімінің бастығы:
 – Шараны ұйымдастырып отырған себебіміз – бөлімшелердің қысқа әзірлігін тексеру. Шараға қыс мезгілінде орын алатын төтенше жағадайларды жоятын бөлімшелер қатысуда.

Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі жыл сайын осындай оқуларға қатысып, тәжірибелерін шыңдап тұрады. Биылғы шараға  4 арнайы техниканың және 15 қызметкердің дайындығы көрсетілуі керек еді.

  Жанат Жүсіпов, Петропавл қалалық  2-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлім бастығы:
едел жасақ көтеріліп, өзіміздің техникамыздың, қызметкерлеріміздің дайындығын көрсетіп жатырмыз.  Біздің жеке құрам қызметкерлері барлығы дайын. Сақадай сай деп айтуымызға болады. Техника барлығы дайын.

Барлық техника мен бөлімше қызметкерлерінің қыс мезгіліне дайындығын облыс әкімінің бірінші орынбасары Самат Ескендіров бақылады.

Самат Ескендіров,  облыс әкімінің бірінші орынбасары:
– Қысқы жағдайларды болжау қиын. Алайда биыл барлығы жақсы болады деп ойлаймын. «Жол картасы» аясында көптеген жөндеу жұмыстары жүргізілді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында да жаңартулар бар.
Сіздерге табыс тілеймін!

Мұндай жаттығулар  республиканың барлық облыстарында өтуде

Айдана Демесінова