Білім

Облыста шағын мектептер жабылуда

 

 

 

 

 

Биылғы оқу жылын облыстағы 622 мектептің 611-і бастады. Үкімет Қаулысына сәйкес бастауыш мектепте  кем дегенде – 5, негізгісінде  – 41 , орта мектепте  81 оқушы болуы керек. Ал бала саны бұдан кем  білім ошақтарын қысқарту туралы ұсыныс жасалады.

 Шолпан Қаринова, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары:

-Жаз айларында 11 мектеп жабылды. 8 орта мектеп –  негізгіге, 6 негізгі  бастауышқа көшірілді.

Жабылған 11 білім ошағының барлығы бастауыш мектептер. Әрбіреуіндегі бала саны 2-еу – 4-еу шамасында. Жаз бойы бұл мектептердің оқушыларын интернаттарға орналастыру, олар үшін автобус қатынасын қамтамасыз ету сияқты жұмыстар жүргізілген. Жыл өткен сайын бала саны азайып жатқандығы өзге мектептерде де байқалады.

Шолпан Қаринова, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары:

-Биыл бірінші сыныпқа барғандар саны 127- ге кем.Бұл оқушылардың азайып келе жатқандығы. Ендігі жылы бірінші сыныпқа алты мың бала келсе, 11 сыныпты 5 мың бала аяқтайды. 1394 балаға көп.

Бала саны азайса, мектеп жабылады. Ал мектебі жоқ, болашағы тұманды ауылдың тарауы да мүмкін. Бүгінде облыстағы мектептердің 536-сында бала саны толық емес. Жабылу қаупі облыстағы 99 мектепке  төнген. Негізгі себеп – бала санының аздығы.  Бұл мектептердің барлығы дерлік ауылдарда орналасқан. Бүгінде бір сыныпта жалғыз баладан отырған білім ошақтары да бар.

Әсем Сембина