Қоғам

Әлеуметтік сауалнама

 
 Өңіріміздің санақшылары қарашаның басынан үйді-үйді аралап, әлеуметтік сауалнама жүргізуде. Қойылатын сұрақтар  4 бағытты қамтиды. Бірінші кезекте –  ана мен бала денсаулығы. Отбасындағы 

 

5 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің салмағы мен бойы өлшенеді. Мектепке дейінгі тәрбие жайында сұралады.  15 пен 49 жас аралығындағы қыз-келіншектердің білімі, отбасын жоспарлауы, отбасындағы тірлігі мен бала тамақтандыру, т.б. көрсеткіштер бойынша деректер жиналады.

  Саида Әбділхаимова, СҚО статистика департаментінің әлеуметтік- демографиялық статистика басқармасының бастығы:
 – Ер адамдар, ішімдікке тәуелді ме, темекіге құмар ма, нашаға әуес пе, ВИЧ /СПИД пен ауыра мА, сонны да анықтаймыз. Және үй шаруашылығына қатысты сұрақтарды да қоямыз.

Осындай әлеуметтік мәселелерді зерттеуге бағытталған сауалнама еліміздің түкпір-түкпірінде жүргізіліп жатыр. Облыста бұл жұмыспен 8 маман айналысады. ҚР Статистика агенттігі жалпы базадағы мекенжайлар тізімінен кездейсоқ әдіспен 16 мың үй шаруашылығын таңдаған. Оның 1 260-сы солтүстікқазақстандық отбасылар. Сондықтан кез- келген қазақстандық отбасы сауалнамаға енуі әбден ықтимал. Күніне әр санақшы 21 мекенжай бойынша сауалнама жүргізуі тиіс.

  Саида Әбділхаимова, СҚО статистика департаментінің әлеуметтік- демографиялық статистика басқармасының бастығы:
 Біз жиналған ақпаратты тіс жарып, сыртқа шығаруға құқымыз жоқ. Ол тек халықтың денсаулығы мен тұрмыс деңгейін анықтау үшін қажет. Көбі бұны түсінбей, ағынан жарыла қоймайды. Отбасындағы  мәселелерді айтқылары келмейді.  

Сауалнама халықаралық мульти -индикаторлы кластерлік зерттеу негізінде осымен екінші мәрте жүргізіліп жатыр.

  Надежда Ушакова,  СҚО статистика департаменті бастығының орынбасары:
 –  Бұл әлемдік тәжірибе отбасындағы түрлі мәселелерді толыққанды зерттеп, дерек жинауға мүмкіндік береді. Еліміздің соңғы сананқтан  бері қай тұстарының дамып, қайсысына көңіл бөлу керектігін анықтауда маңызы зор.

Әлеуметтік сауалнама 2011  жылдың ақпанына дейін жалғасады. Петропавлда тұратын отбасыларын аралап болғасын, мамандар зерттеулерін  басқа елді мекендерде жалғастырады.

Жеңіс Ермұқанов