Білім

Халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды

 

 

 

 

 

 
Ғазрет Жетібай білім сайысында инженерия бағыты бойынша «Интерактивті бампер» жобасын ұсыныпты. Ол мұндай халықаралық дәрежедегі олимпиадаға бірінші рет қатысып отыр. Соған қарамастан, оқушының жұмысы көңіл аударарлықтай.  Жобасы жүзеге асар болса, жол-көлік оқиғаларының азаятын түрі бар.

  Ғазрет Жетібай,  2-ші дәрежелі диплом иегері:
-Жылдан жылға жол апаты көбейе береді және осы жол апатынан адамдар қаза табады.
Осы жағдайды тоқтату үшін мен осы бампер туралы ойлана бастадым. Жалпы осы салада жұмыс істегім келеді. Осындай салаларды дамытуға күш саламын.

Халықаралық олимпиадаға 11 елден 200-ге жуық оқушы қатысқан. Сайыскерлердің 46-сы Қазақстанның намысын қорғады. Қазақ-түрік лицейі 3 жоба ұсынған екен. 3-уі де 2-орынды еншілепті. Мұндай жетістіктерге мектеп ұстаздары дән риза

  Бақытжан Омаров,  оқу ісі жөніндегі меңгеруші:
 –  Біз үшін бұл үлкен қуаныш. Бұл балалар өткен жылдан бері физика бағыты бойынша дайындалып жүр. Соңғы екі айдың ішінде қатты дайындалып, пән мұғалімдерімен, университеттегі ғылыми жетекшілерімен жұмыс істей отырып, өте көп дайындалды. Сол дайындықтың нәтижесінде осындай көрсеткішке жетті.

Оқудағы бар зейіні мен ынтасын физикаға арнаған оқушылар болашақ мамандықтарын да ғылымның осы саласымен байланыстырғысы келеді.

Айдана Демесінова