Спорт

Балуандар турнирі

 

 

 

Петропавлда мұндай дәрежедегі сайыс алғаш рет өтуде. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, еркін күрес грек-рим және басқа да жекпе-жектердің қасында танымалдығын жоғалтуы мүмкін. Алайда сайысқа қатысушылар спорттың бұл түрі Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де қанат жаятынына сенімді.

 Саян Нұрмашев,  сайысқа қатысушы, Тайынша ауданы:
-Мен 4 жыл күреске барамын. Менің тренерім Ақзамов Молдыбек Калиевич. Мен мұнда 1-ші орын алайын деп едім.
Менің арманым  – Қазақстанның чемпионатына бару .

Күрес турниріне 120 спортшы келген. Олар өздері жаттығатын аудандық және қалалық спорт мектептерінің намысын қорғауда. Қатысушылардың салмақ дәрежесі 29-дан 100 келіге дейін.

  Ғалым Өркешов, Петропавл қалалық күрестен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры:
– Біз «Дені сау жастарды іздейміз» ұранын ұстанамыз. Жарысты балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі және «Поиск молодых и здоровых» бірлестігі ұйымдастырып отыр. Көздегені – балаларды және жастарды спортпен айналысуға тарту.

Облыстық күрес федерациясы доданы облыстық құраманы жинау үшін өткізіп отыр. 14 жеңімпаз қарашаның  26-27-сі күндері  Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан Чемпионатында өңіріміздің намысын қорғайды.

Айдана Демесінова