Білім

“Манаш оқулары -2010”

 

 

 

 

Дәстүрлі Манаш оқулары ғалымның есімімен аталатын университетте биыл 10-шы  жыл өткізіліп отыр. Бұл жолы да академикті құрметтеген азаматтар жиналып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ғалыммен 45 жыл отау құрған оның зайыбы Сара Пішембайқызы бұл шарадан ешқашан қалыс қалмайды. Ол өмірлік серігінің қалдырған мұрасын шынайы қастерлей білетін жандардың бірі.

  Сара Молдабаева, М.Қозыбаевтың жұбайы:
сімі аталып, еңбектері қолданылып жатқанына,білімін беріп кеткен Манаш Қабашұлының аруағына ризамыз. Биыл ОБСЕ жиналысы болайын деп жатыр. Еліміз өркендей берсін. Соған Манаш Қабашұлының да еңбегі ойлаймын көмектеседі.

Еліміз бен Ресейдің түрлі жоғары оқу орындарынан биыл 300 автордың 208 жұмысы келіп түсті. Олардың арасында Манаш Қозыбаевтың тәлімін көріп, даналық пен даралық қасиетіне тәнті болған шәкірті, профессор Саттар Мәжитов бар. Қазірде ол ұстазының ізін басып Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология Институтына басшылық етуде.

  Саттар Мәжитов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
 – Манаш ағамыздың керемет жақсы сөзі болушы еді «сомды» деген. Сол сияқты оның сомды мұрасын бүгін тағы бір ақтарып, астарында не жатқанын анықтап, содан тағылым алып, жастарға жеткізейік деп жиналып отырмыз.

1990-1993 жылдарда Жоғарғы Кеңес депутаты болып, құнды ғылыми еңбектері үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған Манаш Қозыбаевтың өнегелі өмір жолы көпшілікке аян. Сондықтан ғылыми конференцияны «Манаш туралы» сөз деп бастаған ақын Кәкімбек Салықов ғалымды жұрт көп біле бермейтін ақындық қырынан танытып, Манаш Қабашұлының суырыпсалмалық, ақындық өнерін жиналған көпке жайып салды. Сонымен қатар бүгінгі жиын академиктің келесі жылдағы 80 жылдық мерейтойының алдындағы үлкен дайындық деп атап өтті өз сөзінде.

 Кәусар Аяпбергенқызы