Қылмыс

Кісі өлтіргендер ұсталды



 

Көз жұмған адамның тегі жедел криминалистика басқармасындағы «Папилон» және «Образ++» ақпараттар қоры арқылы анықталды. Іздестіру шаралары барысында 50 жастағы петропавлдықтың тұрақты мекен-жайы жоқ екендігі анықталды.  Жедел уәкілдер  қылмыстық істің ізін суытып алмас үшін бірден жапа шегушінің таныстарын іздестірді. Көп кешікпей қаза тапқан ер адамды соңғы рет көрген куәгерлер де табылды. Полиция қызметкерлері анықтағанындай, қылмыскерлердің біреуі 18 жастағы колледж студенті, ал екіншісі еш жерде жұмыс істемейтін 19 жастағы жігіт болып шықты. Олар жылу құбырының маңына тұрақты мекен-жайы жоқ қаңғыбастармен  спирттік ішімдік ішу үшін жиналып жүрген. Алайда осы жолғы отырыс бөтелкелестердің    жанжалымен аяқталған. Арақ буына қызып алған екі жігіт ер  адамды соққыға жығып қана қоймай, кезектесіп пышақтаған. Жылу құбырында  отырған басқа қаңғыбастар қорыққандарынан ол жерден қашып кетеді. Ал күш жинап қайтып келгендерінде оқиға орнынан ешкімді таба алмайды. Тек бірнеше күннен кейін жақын жердегі құдықтан жәбірленушінің мүрдесі табылды.  Қазіргі кезде екі сезікті де уақытша ұстау изоляторында қамауда жатыр. Жақын уақытта олар тиісті жазасын алады.

 Гүлден Сәрсенбаева