Әр түрлі

Статистика қызметіне – 90 жыл



 

 

Қазақстанда  алғашқы мемлекеттік санақ басқармасы осыдан 90 жыл бұрын құрылған. Содан бері еліміздегі экономика, демография, ауыл шаруашылығы,  т.б. салалардағы күрделі өзгерістер осы орталықтың жіті бақылауында. Тәуелсіз елімізде алғашқы халық санағы 1999 жылы өтті. Екіншісі араға он жыл салып ұйымдастырылды.

Надежда Ушакова, СҚО санақ департаменті бастығының орынбасары:
 – Біз мемлекетіміздің іші-сыртында не болып жатқанын білеміз. Мақсатымыз – осы ақпаратты халыққа тарату. Ал оны БАҚ  өкілдері ретінде сіздер арқылы жүзеге асырамыз.

Бүгін өз еңбегі мен күшін осы салаға арнағандарға облыс әкімінің атынан алғыс хат берілді. Мереке иелерін М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ұжымы да құттықтады.

  Мүкарам Тайжанова,  М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры:
Жыл сайын біздің есеп және аудит мамандығының 50 шақты студенті облыстық статистика басқармасының бөлімшелерінде өндірістік тәжірибеден өтеді. Статистика басқармасының қызметкерлері диплом жұмыстарына талай рет кеңесшілік көмегін көрсеткен еді.

Мерекелік шарада аудандық статистика басқармаларының қызметкерлері де назардан тыс қалмады.  

  Рәзия Ғинаятова,  Айыртау аудандық санақ басқармасы бастығы:
 -Мен Айыртау ауданында статистика басқармасында 10 жыл жұмыс істеймін.
Бүгін міне 90 жылдық мереке болып жатыр. Енді қызметкерлердің еңбегі бар, жақсы жұмыс істейді.

Салтанатты кеш концертке ұласты.

Гүлден Сәрсенбаева