Спорт

Каратэшілер командасы ел біріншілігінде жүлдегер атанды

 

 

 

Дүбірлі додаға 11 облыс және Алматы, Астана, Байқоңыр қалаларының командалары қатысты. Барлығы 250 спортшының басын құраған жарыста 10 мен 13 жас аралығындағы жасөспірімдер күш сынасты. Сайысқа біздің өңірімізден аттанған құрамада 6 спортшы болатын. Соның ішінде Эльнур Ильясов, Алдияр Жанабергенов, Ольга Кожемякина, Сұлтан Әділбеков алтын алқа еншілеп, СҚО-ның намысын абыроймен қорғап оралды.

  Асхат Сақыпкереев,  СҚ каратэ федерациясының президенті:
-Жалпы командалық есепте біз үшінші орын алдық. 7 алтын еншілеген Оңтүстік Қазақстан облысы үздік үштікті ашты. Екінші орынды 4 алтын, 5 күміспен алматылықтар жеңіп алды.

Алдияр Жанабергеновтың кумитэнің қыр-сырын меңгеріп жүргеніне 6 жыл болып қалған. Содан бері бозбала талай чемпионатта көзге түсіп үлгерген. Осы жолғы жарыста  спортшы 5 қарсыласына бірдей тізе бүктіріп, алтын алқаға ие болған.

 

 Алдияр Жанабергенов, жарыс жүлдегері:
– Жалпы жарыс қиын болды. Бірақ көп дайындықтың арқасында жеңіп шықтым. Маған бұл спорт өте ұнайды.

Кумитэде ұлдардан қалыспай, алтыннан алқа тағынған Ольга Кожемякинаның үлесінде қола жүлде де бар. Катадан үздік үштікке енген қыз болашағынан зор үміт күттіреді.

  Ольга Кожемякина, жарыс жүлдегері:
– Қарсыластарым өткен жылғы спортшылар болып шықты. Бастапқыда мен жеңіле бастаған едім. Кейін бар жігерімді жинап, жеңіс әперетін техниканы қолдануға тырысып, соңғы минуттарда аяғымды жоғары сілтеп, үлкен ұпайға ие болдым.
Осылайша І орын алдым.

Әзірге спортшылар келесі жарысқа дайындалуда. Қазанның он үші каратэ спортының шеберлері Челябинскіде өтетін Х Бүкілресейлік турнирге аттанбақ. Оған соңғы уақытта көп жеңісімен көзге түскен үш жерлесіміз қатысады.

Гүлден Сәрсенбаева