Әр түрлі

Хоккей алаңы құрылысына кәсіпкерлер көмектесті

 

 

 

 Қала алаңдарының жағдайын жақсарту бағдарламасы бойынша №12 мектептің алдында хоккей алаңының құрылысы басталды. «Бұл- балаларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру үшін жасалған шаралардың бірі» – дейді қалалық мәслихат депутаты Евгений Хан

  Евгений Хан, қалалық мәслихат депутаты:
 – Мұның барлығы балалардың хоккей ойнайтын спорттық алаңы болсын деп Жаңа жыл, қысқы демалыстар қарсаңында жасалып жатыр. Енді оқушылар бос уақыттарында спортпен шұғылдана алады.

Шағын құрылыс алаңында “Колов” жеке кәсіпкерлігінің жұмысшылары еңбектенуде. Виталий Колов барлығының тегін қызмет ететінін айтады.

  Виталий Колов, “Колов” ЖК директоры:
– Біздің кәсіпорында 8 адам жұмыс істейді. Олар осы ауданның тұрғындары. Олардың да балалары бар. Сондықтан да қол ұшын беріп отырмыз.

Мектеп директоры жергілікті кәсіпкерлерге риза. Бизнес өкілдері бұл аудан тұрғындарына ұдайы көмектесіп тұрады. Мәселен, биыл былғары зауыты спортты дамыту мақсатында мектепке 96 мың теңге қаржы бөлген екен.

  Серік Имақов,  №12 орта мектеп директоры:
-Бұл алаң балаларға. Балалардың болашағы болсын деп, балалардың денсаулығы болсын деп жасап жатырмыз. Мұғалімдер, балалар қуанышты. Көк-көп рақмет бізге көмектескендерге.

Кәсіпкерлер тарапынан мұндай қолдау көрсетіліп жатқанда  оқушылар да қарап тұрмай, қолдарына күрек алып, іске жұмыла кірісті. Шамамен 2 аптадан кейін осы алаңда өздері ойнап, қызығын көреді

  Николай Ташланов, № 12 орта мектеп оқушысы:
-Мен хоккей ойнауды ұнатамын. Сондықтан да өз үлесімді қосып жатырмын. Біз балалармен міндетті түрде алаңға күтім жасап отырамыз.

«Жас Отан» жастар қанатының мүшелері жергілікті кәсіпкерлер тарапынан қолдау болмаса, алаңның құрылысына жарты миллион теңгеден астам қаржы қажет болар еді дейді. Партия өкілдері мұндай игі іске өзге шағын аудандардың кәсіпкерлері де атсалысатынына үмітті.

Айдана Демесінова