Спорт

Баскетболшылар турнирі

 «Құс жолы» – 2004 жылы «Казкоммерцбанктің» топ-менеджерлері құрған қоғамдық қор. Сол жылы-ақ олар «Біздерді тани біл» деген атаумен республикалық деңгейдегі акция  жариялады. Аталған шара елдің бірнеше үлкен қалаларында 4 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биылғы жылы баскетболдан турнир ұйымдастырылған 8 қаланың ішінде Петропавл да бар.

  Талғат Сұлтанғазин, «Казком» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:
 – Осы тәріздес шараларды күзгі, не қысқы демалыс кездерінде ұйымдастырамыз. Ондағы мақсат – оқушылардың бос уақыттарын пайдамен өткізу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Сыйлықтарды таңдамас бұрын мектептердің дене тәрбиесі пәні мұғалімдерімен кеңестік.

Қыздар мен ер балалардан жасақталған барлығы 16 команда бір-біріне дес берместен 4 күн бойы күш сынасты. Ер балалардан жасақталған 8 команданың ішінен жалпы білім беретін №1 лицейдің баскетболшылары топ жарып алға шығыпты.

Талғат Мәкішев, жалпы білім беретін №1 лицей оқушысы:
 – Біз финалға шығып, жетім балалар үйінің балаларымен ойнадық. Жеңдік.

Қыз балалар арасынан ақырғы ойында № 8 эстетикалық тәрбие беретін лицей мен №1 мектеп-интернат командалары кездесті. Нәтижесінде шапшаңдық пен жақсы техникаларын шебер қолдана алған №1 мектеп-интернат жеңіске жетті.
Ал 2-ші орынды ұл балалар ішінен жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың, қыздардан –  №8 мектептің құрамалары еншіледі. Жеңімпаздардың әрбіреуі оқуға қажетті түрлі сыйлақтарға ие болды.

 Кәусар Аяпбергенқызы